ladygum78
17.10.2020 08:11

Оқылым Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
1-мәтін
Су
Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз,мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.
Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.
Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.
2-мәтін
Су - тіршілік көзі
Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.
Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.

1-мәтін 2-мәтін
Тақырыптары

Мазмұны не туралы?

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Zarinaoo
31.03.2022 23:37

Еңбекқор құмырсқа.

Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.

Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
den193p08o5z
20.10.2022 11:28

Цирк туралы.

Цирк дегеніміз - сахналық - эстрадалық өнердің бір түрі. Көбінесе, цирк дегенімізде көбіміздің көз алдымызға сайқымазықтар елестейді. Дегенмен, циркте тек қана сайқымазақтар (клоундар) өнер көрсетпейді бұл жерде қаншама өнер иелері түрлі сахналық көріністер қояды. Мысалға алар болсақ, әуеде қалқыған акробаттар, пантомима жанрындағы әртістер, мың бұралған гимнасттар, түрлі фокус көрсететін сиқыршылар, жонглерлік өнер иелері, шабандоздар және т.б. Көбінесе цирктегі қойылымдар түрлі трюктерге негізделеді.

Біздің қаламызда цирк бар. Цирк қойылымдарын өткізбей, отбасымызбен бірге барып тамашалағанды ұнатамыз. Әсіресе, маған әуеде қалқыған акробаттар мен сиқыршылардың өнері ерекше ұнайды. Жуырда балалар күніне орай жаңа сахналық көрініс әзірленуде. Соны асыға күтудемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота