526424244241242
31.03.2020 00:16

Текст : Ғаламтор ең алғаш Америка Құрама Штаттарында пайда болған. Ғаламтор – тиімді байланыс құралы. Көптеген маңызды мәліметтер жинақталған. Ол арқылы достарымызбен сөйлесе аламыз. Өзімізге қызықты ақпараттарды табуға болады. Қазақша, ағылшынша онлайн сөздігі арқылы керекті сөздің аудармасын тез тауып аламыз. Сонымен қатар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша ғаламторға,оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар көбеюде. Мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді. Сол себепті олар артық салмақ жинағандарын да байқамай қалады екен )


Текст : Ғаламтор ең алғаш Америка Құрама Штаттарында пайда болған. Ғаламтор – тиімді байланыс құралы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
marfmelov
05.02.2021 09:38

Адамның қалаған нәрсеге қол жеткізе алмауының себебі көбінесе жағдайлар емес, сонымен қатар мүмкіндіктерімізден толықтай пайда көруге кедергі жасайтын ішкі сеніміміз.Адамның мүмкіндіктері іс жүзінде шектеусіз.Ия,сіз өзіңіз қалаған нәрсеге ие бола аласыз:денсаулық, бақыт,мансап және т.б

Біздің қабілеттеріміз қайда жасырулы? Әрқайсымыздың ішімізде деп ойлаймын.Бұл - біздің миымыз. Ғалымдар дәлелдегендей,тіпті ең танымал ойшылдар оны 25% ғана пайдаланады екен.Қалған 75% қолданылмайды.Миымыздың көп қорын қолдану мүмкіндігі бізге не береді? Сіз таңқаларсыз, бірақ бұл адамды құдіретті етеді.

Миымыз біздің ойлау процестерімізді басқарғандықтан,мұнда әртүрлі деструктивті ойлар мен теріс көзқарастар болады.Және бұл дегеніміз,біз ішінен өзіміз қалаған нәрсеге жету мүмкіндігінен айырылып, өзіміз қалаған адам болуға кедергі жасаймыз.Біздің миымызда: "Мен ешқашан істей алмаймын ...","мен жеткілікті түрде жақсы емеспін...» және тағы басқалар сияқты ойлар бар. Бірақ тәжірибе көрсеткендей адам осындай күмәндардан айрылса,өзіның биікке қалай көтерілгенін де байқамай қалады.Бұған мысал ретінде, Гиннестің рекордтар кітабындағы көптеген атақты адамдардың іс-әрекеті.Өткен ғасырда өмір кешкен Трояны ашқан ғалым Шлиман 22 тілді білген екен. Моцарт 5 жасында симфония жазса,тас керең Бетховен өлмес классикалық музыкалық шығармалар қалдырды.Олардың құпиясы қарапайым:олар өздерінің қабілеттеріне күмәнданбаған.

Және бұл адамның физикалық қабілеттеріне де қатысты.Көпшілігіміз ауыр машина көтеру үшін жеткілікті физикалық күш сезінбейміз.Бірақ дөңгелектің астына түсіп қалған балаларды құтқаруға тырысатын аналар ауыр автомобильдерді өз күштерімен көтерген жағдайлар бар.Олар күнделікті өмірде бұны ешқашан істей алмаған еді,бірақ стресстік жағдайында баламды құтқарам деген оймен олардың барлық шектеулі көзқарастары жойылып кеткен.Осындай мысалдар өмірде өте көп.

Қорытындылай келе,біздің санамыздағы шектеулерді өзге емес,өзіміз орнатамыз.Біз өзімізді жеткіліксіз талантты, табысты,күшті, бақытты деп санамаймыз.Осындай кедергілермен күресуге,оларды керісінше ауыстыруға және осылайша қажетсіз кедергілерді жоюға болады. Біз өзімізді өзіміз ғана жаратамыз және біздің болашағымыз тек өзімізге байланысты.

0,0(0 оценок)
Ответ:
myshkin02
29.01.2023 03:49

Қоршаған ортаны қорғау

Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.

Табиғат экологиялык процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан аса сақтык жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын көре білу керек.

Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.

Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.

Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұракты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және кешкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және баска да қажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аякталғанынан кейін шурфтарды және баска косымша казылған жерлерді калпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.

Табиғат ресурстары адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай, адамзат техникаларға энергия көзі болған түрлі жанатын заттар, жабайы өсімдік және жануарлар, адамзатқа қосымша қоректік болған т.б. кіреді. Солай етіп табиғи ресурстар адамзат қауымының материалдық базасын жарататын бір бүтін дене болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота