katyusha1514111
02.07.2020 08:08

3-тоқсан бойынша бөлімдік жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология», «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология»

Оқу мақсат
6.1.5.1 оқылған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.
6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді
• Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады
• Ауызекі және көркем сөйлеудің құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1- тапсырма
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
А) Сұрақ:
1) Серік Қонақбаевтың Қазақстанның спорт саласын дамытудағы рөлі қандай деп ойлайсың?
2) Спорт саласында үлкен жетістіктерге жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
3) Серік Қонақбаевтың спорттағы жолы қалай басталды?
4) Серік Қонақбаев спорт саласындағы қандай атақтардың иегері?
5) Серіктің атын әлемге танытқан қандай жеңіс болды?
6) Серік Қонақбаевтың спорттағы жетісіктері бұл салаға қызығушылық танытатын жастарға қалай ықпал етеді?
Ә) Мәтіннен есімдіктің қандай түрлері кезеседі, теріп жазып көрсетіңіз, салт және сабақты етістіктерді тауып, ажыратып жазыңыз.

2- Тапсырма

1-мәтін мен 2-мәтінді салыстырып, олардың стилін, жанрлық, тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз.

 Қалайсың, Айжан!
 Сәлем!
 Не істеп жатырсың?
 Ештеңе, қазір көше жаққа барам деп отырмын.
 Аа, ол жақта не бар?
 Наурызға концерт болып жатыр деді. Біздің көрші барып келді. Күшті болып жатыр дит. Барсайш менімен бірге.
 Аа, иә, барайық. Менің де сол барсам ба, бармасам ба деп, алдымен сенен сұрап жатқаным ғой. Сен қашан шығасың?
 Қазір бір жарты сағаттан соң ба деп отырмын.
 Мені тоса тұр, иә? Қазір бір шаруалар болып тұр. Соны тез бітірп сен жаққа қарай өтемін.
 Аа, жақсы! Общем, хабарласайық. Звондайсың ғой?
 Ок.
1-мәтін 2-мәтін
Мәтіндер қандай стильде жазылған?

Жанрлық ерекшеліктері неде?

Тілдік қолданыстарында қандай ерекшеліктер бар?

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор

Білім алушы
Оқылған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап жазады, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады
1 мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазады 3
мәтіннен есімдіктерді табады 1
салт және сабақты етістіктерді ажыратады 1
Ауызекі және көркем сөйлеудің құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады 2 мәтіндердің стилін анықтайды; 2

мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды 2

мәтіндердің тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерді көрсетеді. 1
Барлығы 10

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Валерия1508
08.06.2021 19:45

Еліміздің жыл басында кү­тер ең маңызды жаңалығы – Ел­басының халыққа Жолдауы. Себебі, кез келген ел бола­ша­ғының жарқын болуын арман­дайды, атар таңға сеніммен, үлкен үмітпен қарайды. Қазіргі уақытта әлемде түрлі техногендік апаттар, катаклизмалар орын алып жатқанда халықтың жарқын болашақты, бейбіт өмір­ді аңсауы заңды құбылыс. Міне, осындай кезеңде ел бас­қарған басшының аузынан шық­қан әрбір сөзін жіті қадағалап, сараптан өткізіп отыру дағдылы әдетке айналып кеткендей. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қа­лаймыз» деп аталатын биылғы Жолдауы көңілдегі күмәнді сейілткендей, жүрекке берік сенім ұялатқандай әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік тілге қатысты «Біз мемлекеттік қызметте, басқару жүйесінде ана тілімізге өтуіміз керек», деген Елбасының сөзін ел тізгінін ұстап отырғандар шын мәнінде орындаса, біздің қоғам армандап жүрген күн елес болмай, шындыққа айналар еді. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­лама­сының негізгі мақсатының бірі «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты» деп аталуы тегін емес. Мемлекеттік тілді дамытып, оның коммуникативтік қызметі нығаюда. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіршілік қыз­меті­нің барлық саласына қолда­ну үшін ең алдымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру қажет. Ол үшін балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-жоғары оқу орны-жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру-білім жетілдіру орын­да­рын­дағы мемлекеттік тілдің оқы­тылуын жүйелеп түзіп алу керек, олардың өзара сабақтас­тығын сақтау керек. Яғни, мемлекеттік тілді оқытудың инфра­құрылымын дамыту кезек күт­тір­мейтін мәселе. Сонан кейін мемлекеттік тілді оқыту үрдісін жандандыру, мемлекеттік тілді оқытатын үздік оқытушылар­дың тәжірибелерін тарату, олар­ға арнайы тіл порталдарын ашу, т.б. жұмыстар үздіксіз жүргі­зіліп отырса, жауыр болған тіл мәселесі бір арнаға түсер еді деп ойлаймыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында білім саласына ар­найы тоқталды. «Әлем мем­ле­кеттерінің рейтингісі бойынша 110 елдің арасында 50-ші орын­ға ие болдық. Сөйтіп, еліміз білім беру саласы бойынша 129 елдің арасында қуатты көш­бас­таушы елге айналды», деп ерекше атап өтті.

Объяснение: в интернете нашла , сори если не

0,0(0 оценок)
Ответ:
5class1i
23.10.2021 10:22
Наше время это независимость, наша цель - мир и благоденствие. в нашем мире есть одна страна это казахстан. к середине 80-х годов в советском обществе стала настоятельно необходимость перемен. ярким примером старого и нового мышления стало выступление старой молодежи. во все времена и у всех народов емким и концентрированным олицетворением государственности и независимости  выступали государственные символы. у нас есть величественные, идейно богатые герб, флаг и гимн. в этом мире у нас есть только одна отчизна - это независимый казахстан! пойдет?
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота