ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Мәтінді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.
1. Кімдерге оқуға арналған?
2. Қандай стильде жазылған?
3. Стильге тән тілдік құрылымдардан мысал келтіріңіз
Мәтін
Нан
(әңгімеден үзінді)
...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді.
Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді...
- Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлатып, ердің үстінде
қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстінде мықшиып отырған
Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермiк қарын жетiмектерге қайтіп кемістік білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз
сыбағаларын жақсылап тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым, — деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып, — бұл үкіметтің астығы. Майдандағы
көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін... Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те, талқан
жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді.
Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнeп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.
Тоқаш Бердияров​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
VladProstoboy
11.01.2021 10:11
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белесінен байқасақ, ежелден - ақ ру - тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата - баба мекеніне орнатты… - делінген еді.
Бұл жазбадан патриотизмнің – ата - баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Ленка111545
14.01.2021 05:13
мен ертегі оқуды жақсы көремін. Бір күні маған бір ой келді 'менде балаларға ертегі жазайын'. Отырдым да күні түні ойланып ертегімді бітірдім. Ол ертегіде былай болған
Ерте ерте ертеде 
Ешкі жүні бөртеде
Қырғауыл жүні қызыл екен
Құйрық жүні ұзын екен
Бір  күні Абай атты бала шегірткеге отырып аспанда ұшып жүрді. Балалар оған өте қатты қызықты. Бәрі сол сияқты ұшып жүргісі келді.Бірақ Абай дың шегірткесін біреу ұрлап алып кетеді.Бәрі таңғалды себебі Абай шегірткесін үйге кіргізетін ,ал бүгін әдейі кіргізбеген сияқты болды.Бәрі кәдімгі ауылда сияқты өмір сүретін болды.Ал Абайға бәрібір болды.Ол орманға күнде түнде баратын болды.Ал таңертң түкте болмағандай үйықтап жататын.Бір бала қызығып сол орманға барса ол жерде абай ұшатын жануарлады өсіріпті.Ол аң-таң боп қалды.Оны Абай ұстап алып сен ешкімге айтпа мен саған бес жануар берем деді. бала келісті.Ал Абайдың сиқырмен айналысатынын ешкім білмеді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота