Франция-бұл демократиялық республика. Астанасы-Париж қаласы. Францияның ауданы-674.685км2. Францияның үлкен бөлігі Батыс Еуропада орналасқан. Франция солтүстік-шығысында Бельгиямен, Люксембургпен және Германиямен, оңтүстік-шығысында Италиямен, ал оңтүстік-батысында Испаниямен шектеседі. Францияны Атлант мұхиты, Солтүстік теңіз және Жерорта теңізі шайып өтеді. Францияның өзендері - Сена, Рона, Луара. Мемлекеттің 27 пайызын орман алқабы алып жатыр. Климаты- қалыпты теңіз. Мемлекеттік тіл-француз тілі. Тұрғындар саны-66.991.000 адам.
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.