
керемет ән, әуен кімді болмасын толқытып әкетеді. Алайда әннің де естісі бар есері бар демекші тәрбиелік мәні төмен, мағынасына ел түсінбес әнді тыңдағанымыз жат қылық болары анық. сол үшін құлағым бар екен деп кез келген әнді тыңдауымызға болмайды.Алайда ән тыңдаған әркімге болсын ұнайды. Халқымызда бір бала, қызылқұм,елім ай, әдемі қыз секілді өте ырғақты қайталанбас ажары бар әндер жетерлік. Мереке кезінде де қайғы кезіндеде бар эмоциямызды әнмен шертеміз. Өмірге келгн кез келген бір адам әсем ырғақты әнді естігені анық. Міне сондықтан ән көңілдің ажары
Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер.
Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады.
Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна биі қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық биі, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишараларымен ерекшеленеді.