Кім? 1)Оқушы: Әр бір оқушы мектептің тәртібіне бағынуы керек. 2)Мұғалім: Мұғалім біздің екінші анамыз. 3)Бала: Ол бала әр дайым сабақта бұзықтық істейтін.
Кімдер? 1)Аналар: Аналар балаларын көзінің қарашығындай сақтайды. 2)Әжелер: Әжелер немерелеріне қызықты ертегілер айтып береді. 3)Балалар: Балалар көшеде доп ойнап жүр.
Не? 1)Кітап: Кітап білім бұлағы. 2)Доп: Балалар көшеде доп ойнап жүрген еді. 3)Ағаш: Ол жерде ұзын ағаш өсетін.
Нелер? 1)Гүлдер: Бақшаға көп гүлдер отырғызылды. 2)Машиналар: Көшеде көптеген машиналар бар еді. 3)Үйлер: Қалада үлкен үйлер көп.
Семей – Шығыс Қазақстан аймағының ең ірі қаласы. Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала.1718 жылы әскери бекініс тұрғызылған кезде қала негізі салынды. Алайда, Ертіс суының жырғадан асып ағылуына байланысты 1778 жылы бекініс өзеннен 18 шақырым қашықтықта орналасқан жерге көшірілді. 2008 жылы Семей қаласы өзінің 290 жылдық мерейтойын атап өтті. Қала аумағы 210 шаршы шақырымды құрайды.Семей қаласы - Түрксіб темір жол магистралінің бойында орналасқан ірі жол торабы. Ірі жол торабы Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймағын Ресей елімен байланыстырады. Сондай-ақ, Семейде өзен порты жұмыс істейді. Ал қала аэродромында әскери авиация тұрақтанған.Қала орналасқан жердің қыртысы жазық дала, табиғаты таңғажайып. Жазық дала ауасы таза әрі шипалы. Ертіс өзенінде орналасқан артезиан ұңғымаларындағы таза су бүкіл қаланы таза сумен қамтамасыз етеді. Семей қаласынан 19 шақырым қашықтықта орналасқан қылқан жапырақты орман аясында таза су бұлағы бар. Жергілікті халық бұлақ суының емдік қасиеті бар деседі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку