yaantonio19
20.04.2020 16:19

ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ
Түс датчигі дегеніміз-...​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Мусор228
25.01.2023 22:35

Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Нұрсұлтан Назарбаев

Ескерткіш – ел шежіресі

Ұлытау. Атының өзі көп жайттан хабар беріп тұр емес пе? Бұл көп таулардың бірі емес. Бірегейі. Ірісі. Ағасы. Абызы. Ұлытау аспан астындағы мұражай іспеттес. Бұл жерде қазірдің өзінде белгілі болып отырғандай сегіз жүзге тарта тарихи, мәдени ескерткіш бар. Зерттеу жұмыстарын жалғастыра берсе әлі де бағалы мұралардың талайы табылуы мүмкін. Ұлытау – қазақ ұлты үшін қастерлі мекен. Бұл таудың тарихы – қазақтың тарихы. Ұлытау – ұлтымыздың тарихи кіндігі. Бұған бір ғана дәлел – Сарысу өзенінің төменгі сағасындағы «Таңбалы тас». Тік жартастың бетінде барлық қазақ руларының дерлік таңбалары қашалған. Ел ішіндегі аңыз бойынша осы маңда Қазақ елінің шаңырағын көтерген алғашқы тарихи құрылтай болған. «Үш жүздің басын қосқан Ұлытау» деген бәрімізге белгілі, жанымызға жақын сөз де әлгіндей ұлы жиыннан кейін қалса керек. Ұлытау жерінде әйгілі Жошы ұлысы керегесін керді. Алтын орданың алғашқы астанасы осында орналас­ты. Дешті Қыпшақ мемлекеті мен Қазақ хандығы шаңырағын көтерді. Қазақ халқының ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаев: «Орыстарға Кремль қандай қадірменді болса, меніңше Қазақ елі үшін Ұлытау да соншалықты қастерлі» деп Ұлытаудың тарихи мән-маңызын ашып көрсетті. Ұлытау ескерткіштері дегенде, ең алдымен Алаша хан мазары ауызға алынары анық. Мазар Ұлытау ауданына қарасты «Сарыкеңгір» ауылының түбінде, биік жотаның үстінде тұр. Ғалымдардың айтуы бойынша, ескерткіш оғыз-қыпшақ заманындағы (Х-ХІІІғ.) сәулет өнерінің үлгілеріне жатады. Ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ сонда да болса бастапқы қалпын сақтауға күш салынған. Сыртқы қабырғалары кәдімгі алашаға ұқсас. Кірпіштер солай өрілген. Мазарға кіргеннен кейін сол жақта баспалдақты тар қуыс бар. Сонымен жоғары көтеріліп, айналма екінші қабатқа, одан кесене үстіне шығуға болады. Сол кезде төңірек алақандай көз алдыңызда тұрады. Кірпіштердің бетінде ру таңбалары, ою-өрнектер бейнеленген. Іштегі шағын терезелерден күн сәулесі түсіп тұрады. Бағзы заманнан жеткен бұл сәулеттік үлгінің құрылысы таңдандырмай қоймайды. Осы уақытқа дейін шыдап келген кірпіштің мықтылығын айтсаңызшы! Жылқының қыл құйрығын турап, биенің сүтіне илеген екен дейді. Ол да мүмкін. Әйтпесе осы уақытқа дейін шыдас берер ме. Кесененің үстіндегі күмбез сырты көк түспен сырланған. Бабаларымыз көк тәңіріне табынғанындай көк түсті пір тұтқан-ау, сірә. Тәуелсіздікке жеткен бүгінгі уақытта туымыздың түсін көк қылып өте дұрыс жасаппыз. Бір қызығы, қазірдің өзінде Алаш есімі секілді Алаша ханға қатысты әртүрлі аңыз-әңгімелер жетерлік. Ол біресе дәулеті асқан байға, енді бірде алапес ұлға теңеледі. Кейін келе аты мәлім хан деңгейіне көтерілген.

0,0(0 оценок)
Ответ:
bayarma58
26.05.2023 03:36
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты.Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар та компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота