Қандай қуаныш бір өзіңе қайта жазған! Кешірім өтінем саған көп жазбай кеткеніме, бірақ менің шынымен жазытын уақытым болмады, себебі жаңа оқу жылына дайындық үстінде болдым.
Мен Семей қаласында мектепке барып жүрмін. Мектеп өте үлкен. Біз дүйсенбіден жұмаға дейін оқимыз.
Анығында ол жер маған ұнайды және мен сол жерде сабақ оқығаннан рақат аламын. Қыздар өте мейірімді, жақсы. Жалпы, Маған бұл мектеп ұнады.
Осы оқу жылында, жаңа сабақтарды оқудамын. Олар: тарих, информатика.
Ал өзің қалайсын? Жақсы демалдың ба?
Сені кездестіремін деген үміттемін...
Дұғай-дұғай сәлеммен, Ира
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.