Мәслихат[1] — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.
Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2006 жылдың 10 қаңтарында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:
Биатлон — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді.Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді. Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды. Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады. Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады:жүгіру және оқ ату,тау велосипеді, яғни маунтин-байктармен жарысу және оқ ату. Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку