Объяснение:
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес
Күндердің бір күнінде жерге бір тамшы жаңбыр жаумай, қуаңшылық тартып, ел күйзеліске ұшырайды. Халықтың басына түскен мұндай ауыртпалық Толағайды да қатты мазалапты. Сонан соң Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып ақыл сұрапты. Бұған Толағай: «Ата, сіз рұқсат етсеңіз, мен барып бір жерден тауды арқалап алып келсем болмай ма?» - деп тіл қатады. Тау арқалап әкелу оңай болмас, дегенмен, ондай талабың болса, оңтүстік өлкеде Алатау деп аталатын алып таулардың ақсақалы бар. Рұқсатты сонан сұрайсың», - деп батасын береді. Сөйтіп, Толағай сапарға шығып, арада ай, жыл өткенде ақ басты Алатауға жетіпті.Маңғаз Алатау талапты ерге зор қошемет көрсетіп, етегінде орналасқан бала тауды Толағайға арқалатып қоя береді. Ол алғашқыда аяғын ширақ басқанымен, иығына түскен салмақ еңсесін езіп, бірте-бірте әлсірете бастайды.Толағай елінің шетіне іліге бере, тізесі бүгіліп құлап түседі де ұйқыға кетеді. Арқалаған тауы батыр жігіттің үстінен басып қалыпты. Сонан бері Толағай батыр күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап жатыр екен, ал тау Толағай деп аталып кетіпті.
Шығыс Қазақстан облысындағы , Тарбағатай жерінде орналасқан тау