08.09.2022 16:50

Жазылым Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанры және стильдік ерекшеліктеріне сай әңгіме құрастырып жазыңыз. Әңгімеде кейіпкерлер арасындағы диалогтің болуын ескеріңіз, онда еліктеу сөздер мен одағай сөздерді, шылауды қолданыңыз. Қолдану сипатына қарай ажыратып, атап жазып кетіңіз. (10)

 

1)        Бүгінгі таңда телефонға тәуелділік үлкен дертке айналды. Еңбектеген сәбиден еңгейген қартқа дейін телефонға шұқшиып отырғанын көріп жүрміз. Осындай күнделікті өмірдегі жағдайларды негізге алып, «Әлеуметтік желінің әлегі» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.

2)        Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің жақындарымыз. Табиғи өнімдердің пайдасын насихаттайтын, гендік өзгеріске ұшырғана тағамдардың зиянына оқырманның көзін жеткізетіндей, ой салатын әңгіме құрастырыңыз.

3)        Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің арасындағы достық туралы ойдан немесе шынайы өмірден алынған оқиғаға негізделген әңгіме құрастырыңыз.


Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
IvanMalin1
11.01.2021 22:34

Нәзипа Құлжанова - Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі, Құлжан немересі 1887 жылы Торғай қаласында туған. Аумалы төкпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Оқып жүрген кезінен бастап өзін ұлт үшін күресуге даярлаған. Оқуын аяқтаған соң, 1905 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз болған. Ұстаздық жұмысты атқара жүріп, этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып, талантын танытқан ол 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады. 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырады. 1915 жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде әйел мәселелеріне байланысты мақалалар жазады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
helgagrantt
04.09.2020 07:13

Жалпы дүниеге келген әр адамның бойындағы, қанындағы қасиеттері оның шыққан тегіне байланысты екені ешқандай дау тудырмайды. Алайда оларды ары қарай бағдарлап дамыту ата-анасына, отбасына, өскен ортасына тікелей байланысты. Отанын сүйгіш, ұлтжанды ақын ағамыз М.Шахановтың сөзімен айтқанда, әр адам туған анасынан басқа да өзінің тағдырын тамырсыздықтан қалқалап, өміріне мәңгі астана болар құдіретті 4 Ананы танып-біліп, қадірлеп-қастерлегенде ғана өз ұлтының шын мәніндегі толыққанды өкілі бола алады. Ал ұлттың ең негізгі және бірінші көрсеткіші ол – тілі. «Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов үлкен ескерту жасап кетті. Біздің дана халқымыз немерелерін ата-әжесіне бақтырып, тәрбиелетіп үлкен көрегендік жасаған. Себебі жас отау иелері күнделікті бар күйбең тірлікті өз мойындарына алып, қарттардың қолдарын босатқан. Ал ата-әжелер немерелеріне бесік жыры, ертегі, қисса-дастандарды айтып, тыйым сөздерді құлақтарына сіңіріп, өздерінің қолдарынан келетін өнерін олардың бойына сіңіріп отырған. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген осыдан қалған. Ал қазақ халқының ауыз әдебиеті тұнып тұрған өсиет, насихат екені баршаға аян. Батырлық та, елжандылық та, отбасыға, үлкенге құрмет те, кішіге ізет те, қонақжайлылық та, қысқасы, бүкіл жақсы адами қасиетті дәріптеу осында. Осыларды құлағына сіңіріп, бойына жиып, санасына түйіп өскен баланың жаман әдеттен аулақ, тәрбиелі де ізетті адам болары хақ. Біздің халқымызда отбасының әр мүшесіне қатысты мақал-мәтел бар. Бұл мақал-мәтелдер отбасының әр мүшесінің орнын, қызметін, олардың өзара қарым-қатынас сипатын нақты анықтап, ашып жеткізеді. Оларға аналог басқа ешбір тілден табылмайды. өзге тілдерде тіпті «нағашы-жиен» деген атау да жоқ. Қазақ мақал-мәтелдерін, тиым сөздерін жаттап, жадында ұдайы сақтап жүрген адамның тілі бай әрі шешен, ойы ұшқыр, адамгершілігі мол болмақ.

Мақалада: «Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп өте тура айтылған. Қазақстанның Ресейдің бодандығында болған 74 жыл, басты назар экономикаға аударылған егемендік алған 25 жыл – жалпы алғанда ұлттық идеологиясыз өткен бір ғасырда орта есеппен тіпті үш ұрпақ ауысты дегенде, қазіргі ұрпақтың бойында қазақи қасиеттің, яғни ұлттық кодтың тек 30 пайызы қалды деп топшылауға болады. Бұрындары «іштен шыққан шұбар жылан ғой» деп, өз баласының бар кінәсін де, күнәсін де мойнына алып, ол үшін жауапты болатын аналардың орнына қазіргі «көкек аналардың», өз бала-шағасы тұрмақ аталас елдің жесір-жетіміне қамқор болатын азаматтардың орнына намыссыз, жауапкершіліксіз жігіттердің, бейкүнә нәрестелерге зорлық жасайтын есерсоқ еркектердің, жүз теңге үшін жақынын да аямайтын жауыздардың қаптап кетуі осының дәлелі. Өз баласы тұрмақ, өзгенің баласына көз қырын салып, тәрбиелей, жөнге сала жүретін қазағымыздың «ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыйым» деген сөзі естен шығып, ұмытылғалы қашан. Қазіргі жастарға ескерту жасамақ түгілі, беттеріне қарауға жүрексінеміз. Осы жүз жылдықтың орта буыны біздер Қазақстан тарихынан мүлде мақрұмбыз, ештеңе білмейміз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота