sashkaaaxo
19.12.2022 08:04

Мәтінді зейін қойып оқып,  3 сұрақ әзірлеңіз.                                    Былғары қолғап шебері
    Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер- құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40- тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт
қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
помагитн​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ira200489
29.06.2022 09:42

Елбасымыздың Жарлығымен 1 наурыз Қазақстанда алғыс айту күні болып жарияланған. Бұл күннің таңдалған себебі, 1995 жылдың  1 наурызында Қазақстан халықтар ассамблеясы құрылған болатын.

Бұл күн Президенттің ұсынысымен халықтардың бір - біріне, сонымен қатар қазақстандықтарға кезінде жер аударылған халықтардың бәрін мейірбандық пен қонақжайлылық танытқаны үшін рахмет айтып, алғыс білдіреді.

Бұл мерекенің маңызы өте зор. Халықтарды ауыз біршілікке үндеп, ынтымақтастықта өмір сүруге шақырады.

Тәуелсіз мемлекетімізде бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір жүріп жатқан халықтардың достығы мен сыйластығы арта берсін!

0,0(0 оценок)
Ответ:
romaberduk03
29.06.2022 09:42
Ана саған мың алғыс!

«Ана» деген үш әріптен тұратын сөзде өмірдің қаншама асыл қазынасы жатқанын бірі білсе, бірі білмейді.Өмірге ақылдыны,ғалымды, дананы да әкелетін жалғыз ана.Ананың мейірімдей мейірім, ананың жүрегіндей жүрек жоқ.Жақсыны асырып, жаманды жасыра білетін де –Ана. Өз баласын 9 ай 9 күн құрсағында көтерген а еш уақытта жамандық ойлайды деп мен өз басым ойлай алмаймын. Бала құрсағына біткен күннен бастап оған өз бойында бар барлық жақсы қаситтерді дарыта береді. Өзі аш-жалаңаш болса дабалам киіп, балам жесін дейтін де-Ана.

«Әке-асқар тау,

Ана –қайнар бұлақ» деген мақал ұлы «Ана» деген сөздің, мән-мағынасын ашып тұрған жоқ па?!Анаң болса асың да алдыңда, махаббат, мейірім, шапағат бесігі де сенде, ал анасы жоқ балаға қанша қаржылай көмек жасап, жақсы көрсе де, дәл анасындай болмайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота