tim14stefan24
26.04.2022 17:14

1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.
1-мәтін

Нан
(әңгімеден үзінді)

...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де
тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз
желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны
көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға
жақындай берді, жақындай берді...
— Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос
ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін
сықырлатып, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты
емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан
оралған. Ат үстіндс мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге
күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік
білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап
тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол
байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе
нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін?
Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те,
талқан жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа
барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір
нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң
аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.
2-мәтін

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі
жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық
жәрмеңке өткізді.
Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау
болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы
қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.
Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған
қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта
орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.
– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің
төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық
тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола
алады.
ДАЙТЕ ОТВЕТ ПЛЗ

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AnastasiaSokolovskay
21.10.2020 00:10

«Ас - адамның арқауы» дейді дана халқымыз. Шынында солай, бұған ешкімнің таласы жоқ. Өйткені, ол - тәннің азығы. Сол себепті күнделікті үш мезгіл тамақтануымызды бойға қуат сыйлайтын Алланың нығметі деп білуіміз керек. Бірақ, көп жағдайда дұрыс тамақтанбаудан ба, әйтеуір, асқазанға көрінгенді тығып, ақырында түрлі ауруларға жол беріп алатынымыз бар. Шыны керек, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екенін бүгінгі медицина саласы ғылыми тұрғыдан дәлелдеуде. Ал, осыдан он төрт ғасыр бұрын ғылым емес, надандық дәуірлеген кезеңде Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тамақтанудың әдебін көрсетіп кеткен. Біз де пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріне сүйене отырып, тамақтану әдебін әрбір мұсылман баласы біле жүрсін деген ниетпен аз-кем тоқталып өтуді жөн көрдік.Дініміздің тазалыққа құрылғандығын тағы да қайталап айтудың артықшылығы болмас. Олай болса, тамақтанар алдында және кейін қолды жуу - тазалықтың және тән саулығының басты кепілі. Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Тамақтың берекеті ас ішуден алдын және кейін қолды жууда»,- деген.Сондыктан әр адам тамак басында отырғанда әдеп устай билуы кадет деп ойлаймын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Dashasvi
21.10.2020 00:10

1. Алматы - еліміздің оңтүстік астанасы.

2. Алматы қаласы - республикалық маңызы бар қала.

3. Алматы - мәдениет пен ғылымның, қаржы мен іскерліктің орталығы саналады.

4. Төбесі көкке тірелген Алатауымен ерекшеленеді.

5. Алматы қаласы апорт алмасымен атақты.

6. Сонымен қатар Алматы қаласында аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғы кешені бар.

7. Алматы қаласы 1997 жылға дейін еліміздің бас қаласы болды.

8. 2011 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында метро қолданысқа берілді.

9. 2011 жылы Алматы қаласында қысқы Азиада ойындары өткізілген болатын.

10. Алматы қаласында түрлі театр, мұражайлар, көркемсурет галереялары секілді мәдениет ошақтары бар.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота