Katialka11
02.05.2023 17:24

3-тапсырма. Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райды қолданып, «Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық» тақырыпқа байланысты 4-5 сөйлем құрастыр/ Используя времена глагола и глагол желательного наклонения, составь 4-5 предложений на тему «Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық». ТЕКСТ
Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық.Оның музыкалық мәдениеті өте бай.Халқымыз ақын, әнші, сазгерлерді ерекше құрметтеген. Біржан сал, Үкілі Ыбырай қазақтың классикалық әндерінің негізін қалаған. Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту жақсы дамыған. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының арасынан көптеген әнші- композиторлар, жырау-жыршылар, ақын-күйшілер шыққан. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір, және т.б. Қазақ халықының ән-музыка мәдениетінің дамуына Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Жамбыл, Әміре сияқты ұлы тұлғалар үлес қосқан.
Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні» сияқты жинақтар жариялаған.
Қазір әндердің көпшілігі домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Қазір әндері татулық пен бірлікті, байсалды мінезді, ақылдықты насихаттайды.Қазақ халықының кең тараған халық әндері: «Дудуар ай», «Гүлдерайым», «Бір бала» және тағы басқалар.
Халық күйлері – халықтың тұрмысын, салт дәстүрін, адамның тағдырын баяндайды.Халық күйлері ұрпақтан ұрпаққа жеткен.Сондықтан олардың авторлары ұмытылып, халықтың күйі деп атаған.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
RegexArtSek
23.01.2023 11:43

Мәтін стильдері дегеніміз - қаламгердің жазу мәнері,мәтінді оқырманға жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануы, ой түйінін ашу тәсілі.

Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильд

Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда,

лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.

Ресми іс-қағаздар стилі - іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен

кеңсе құжаттарында қолданылады.

Публицистикалық стиль - газет-журналда, жиналыстар мен

митингілердегі сөздерде қолданылады.

Көркем әдебиет стилі - көркем әдеби шығармаларда

қолданылады.

Ауызекі сөйлеу стилі – адамдармен еркін әңгіме кезінде

қолданылады

0,0(0 оценок)
Ответ:
Қамыр. Пайдалануына және әзірлеу тәсілдеріне байланысты қамырашытқылы, қаттама, бисквитті, үгілмелі,сусымалы, езілген, қайнатылған, жеңілжәне басқаша түрде болуы мүмкін. Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері:бидай ұны —ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұндар. Сұйық зат — сүт, су, сүт қосылған су, простокваша. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім). Құрғақ сүттіпайдаланғанда: жарты литр суға 50 г құрғақ сүт қосады.

Қант — ұнтақ қант ұнмен араластырылады, ірі қант немесе шақпақ қантты ерітеді. Қант көп қосылса қамыр ауырлайды да, нашар көтеріледі, пісіргенде көтерілмей жайылып кетеді.

Жұмыртқа — сарыуызы мен ақуызы немесе тек қана сарыуызын алады. Сарыуыз қамырды көпіртеді де, ақуыз қатайта түседі. Жұмыртқаның орнына жұмыртқа ұнтағын қосуға болады (1 ас қасық ұнтақ 1 жұмыртқаға сай келеді және 3 ас қасық су). Май (қыздырылған)—сары май немесе тортасы айырылған май, маргарин, өсімдік майы, ірі қара майы пайдаланылады. Май қамырды жұмсартады. Ол көбейіп кетсе ашу процесі баяулайды және дайын тағам ауыр болып шығады. Ашытқы — жаңа немесе құрғақ. Жаңа ашытқыға аздап қант (1 шай қасық) қосып, үгеді және тиісті норма бойынша (осы тағам үшін) жылы сүтке немесе суға езеді. Құрғақ ашытқыға (сондай-ақ салқын жерде сақталған ашытқыға) толтырыл салқын су (бөлме температурасында) құяды да, ол ақшыл түске еніп, әбден езілгенге дейін қояды. Езілген ашытқыны тар көзді сүзгіден өткізіп, жылытылған сұйыққа құяды да, одан кейін ашытқы әзірлейді. Ашытқыны жабық ыдысқа — шыны аяққа, банкаға салып, салқын жерге қойса, ұзақ уақыт сақталады. Өте жоғары, сондай-ақ өте төмен температурада да ашытқының сапасы төмендейді. Ашытқы қамыр үшін қолайлы температура 30—35°C болып саналады. Тұзды қамыр иленетін суға салу (1 кг ұнға немесе жарты литр суға 10 г тұз, ал тұзды тағам әзірлегенде 20 г тұз салады) керек. Тұзды ұйтқыға салуға болмайды, өйткені оның ашытқылық қасиетін жояды. Дәмдеуіш пен тұздық — ваниль, ванилин, лимоннемесе апельсин қабығының үгіндісі,мускат жаңғағы, кардамон, жүзім, цукат, әртүрлі жеміс эссенциясы. Қамырға картоп қосуға болады (қамыр жұмсара түседі), мұндайда әдетте қамырға май мен жұмыртқа аздау салынады. Картопты қамыр әзірленбестен бір күн бұрын пісіріп алады да, пайдаланар алдында тар көзді үккішпен үгеді. Картоп қосылған қамыр қоюырақ болады, өйткені ашу процесінде ол қоймалжыңдана түседі. Әдетте 1 кг ұнға 100 грамнан 250 грамға дейін картоп қосады. Қамыр әзірлеуге қосатын қоспаларды дәл өлшеген (рецептіде көрсетілгендей) жөн, ұнның, сұйықтық, ашытқының және дәмдеуіштердің ара қатынасын қатаң сақтау қажет. Қамыр илегенде салқындатылған азықтарды пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырдың бабына келу процесін төмендетеді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота