
Менің атым – Мария. Менің жасым он үште. Мен он тоғызыншы мектептің сегізінші сыныбында оқимын. Мен түрлі шытырман оқиғалы және драма фильмдерін көргенді ұнатамын. Менің сүйікті фильмім – «Терабитияға көпір» (ағылшынша «Bridge to Terabithia») – бұл отбасылық драма фильмінің премьерасы 2007 жылдың ақпан айында АҚШ – та болды. Фильм режиссёрі – Габор Чупа, продюсері – Дэвид Патерсон. Басты рөлдерде - Джош Хатчерсон, Аннасофия Робб, Роберт Патрик, Бэйли Мэдисон, Зоуи Дешанель. Фильмнің ұзақтығы 90 минут.
Бұл – терең мағыналы фильм. Бұл фильмнің басты идеясы – ғажайыптарға сене білу керек. Тіпті ең қайғы басқан, жабырқаңқы баланың өмірі бір сәтте ең көңілді және жарқын болуы мүмкін, сенің байлығың немесе кедейлігің, апа – ағаларыңның саны немесе отбасыңның жағдайы маңызды емес, ең бастысы өзіңнің қандай екенің маңызды.
Джесс есімді бала қарапайым бай емес отбасынан шыққан. Жолдастары жоқ еді. Басқа адамдар сияқты өзінің кемшіліктері де бар еді. Отбасының көп ақшасы жоқ болды, олар миллиардер емес еді. Ол қарапайым мектепте оқитын. Күндердің күнінде Лесли есімді қыз келді. Джесс бұрын өте жабырқаңқы, ғажайыптарға сенбейтін еді, ал Лесли келісімен оның өмірі түбегейлі өзгеріп, жарқын, әрі көңілді өмірі көңілсіз өмірін алмастырды. Лесли өте арманшыл болатын, қиялдағанды жақсы көретін және Джессті де осындай болуға үйретті. Шамалы уақыт өткен соң, жазатайым оқиғадан Лесли қайтыс болды. Джесс бұған сене алмады, ешкімге де сенбеді, өте қатты қорықты. Бірақ, менің ойымша, ол Леслидің өлімінен емес, бұрынғы өмірі қайтып келетініне қорықты. Бірақ бұл өмір соқпағын жеңе білді. Оған кішкене қарындасы көмектесті.
Маған бұл фильм өте қатты ұнады. Мен бұл фильмді бүкіл әлемге көруге кеңес берер едім, бұл фильм туралы қайта – қайта айта беруге дайынмын.
Менің ойымша, ғажайыпқа сене білу керек, сонда ғана ол орын алады.
Менің анам – жер бетіндегі ең аяулы жан. Мен оны шексіз жақсы көремін. Оны белгілі бір нәрсе үшін жақсы көремін деп айта алмаймын. Оған бар болғаны менің өмірімде бар болғаны үшін алғыс айтамын. Мен оны мақтан тұтамын. Одан асқан маған жақын жан жоқ. Ол өте сұлу. Оның сылдырлаған күлкісі мен қоңыр көздерін жақсы көремін. Аялы алақанындағы жылуын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менің анам өте мейірімді. Ол барлық адаммен тіл табыса алады. Қиын-қыстау кезеңде алақанымен аялап, қолдау көрсете біледі. Анам шыр етіп осы дүниеге келген сәттен бағып-қағып келеді. Анама маған осы күнге дейін жасағандарының барлығы үшін алғыс айтамын. Өзім де оған көмек қолын созып отыруға тырысамын. Әдетте үй ішін жинап, ауыр сөмкелерді көтерісуге көмектесемін.