Су тіршілік көзі.Сусыз адамдар,жануарлар,өсімдіктер еш нарсе өмір сүре алмайды.Ол түссіз,тұнық,мөлдір.Су барлық тірі организмдерге керек.Сусыз тіршілік жоқ.Әрбір организмге су қажет.Егер сен егін ексеңде ол өсу үшін су қажет.Суды аәркім әрқалай пайдаланады.Судың да мұрауы бар дегендей,суды ысырап қылмау қажет.Енді өзендер туралы айтатын болсақ,Қазақстанның әр аймағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Оның ішінде 7 өзеннің ұзындығы 1000 шақырымнан асады.Жердің бүкіл 70 пайызы судан тұрады,бірақ тек 1%-ы ішуге жарамды.Адам денесі 60% судан тұрады. Су-тіршілік көзі дегенмен толықтай келісемін.
Иә, сонау заманнан беріге жеткен бұл сөздің мағынасын бәріміз білгенмен, құрамындағы сандарға баса назар аудармайтынымыз жалған емес. Сөзді оқып "алты адам сөзге келсе – істің қайыры болмайды, ал, төрт адам біріксе – тасы жеті қат жер астында жатқан қамалды да алады" деп ұғынуымызға болады. Дегенмен, аталы сөздің астарына үңіліп, нақты не түсіндіргісі келгенін білуіміз шарт. Алты саны – біз үшін Алаш сөзімен үндес. "Алаш" қалың қол, мыңды білдіреді. Яғни, көпті, жүз үй адамын, бүтіндей бір қазақты меңзейді. Демек, бұл сөзде "алты саны" санның, мөлшердің емес, сөздің мәнін түсіндірді. Енді, "төрт" санына назар аударсақ, бұнда – тек бір үй мүшелерін айтқысы келген. Мысалы, бір шаңырақта төрт адам болса – атасы, енесі, келіні, отағасы, баласы. Міне, бұл – бір шаңырақ астындағы төртеу дегенді білдіреді. Төртеу – бір үйден асып әріге бармайды. Алтау – ол көп. Мың болуы мүмкін, он мың болуы мүмкін. Алтаудың түгелі – Алаштың тыныштығы, берекесі, ынтымағы. Ал, төртеудің түгелі – шаңырақтың берігін білдіреді.