
Отанымыз, кең байтақ еліміз, қазақ ата-бабаларымыздан қалған жер — Қазақстан. Басқа елдерге кетсек, өз елімізді өте қатты аңсаймыз. Әр кісі өз туған жерін іздейді. «Әркімнің өз елі-Мысыр шаһары» деген мақал-мәтелді босқа айтпаған.Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым.(1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.). Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70 бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.
Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кенорны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.
Ескерту. Интернет желісіндегі материалдар алынды.
Объяснение:
Өзбек хан, Мұхаммед Сұлтан Өзбек хан (шамамен 1280 – 1341) – Алтын Орда ханы (1313 – 1341). Бату хан әулетінен, Меңгу Темір ханның немересі. Алтын Орда билігіне Тоқта хан өлген соң билікке жақын сұлтандардың көмегімен келді.
Өзбек хан билеген тұста Алтын Орда мемлекетінде елеулі өзгерістер болды. Алтын Ордада ислам ресми дін болды. Өзбек ханның Шыңғыс хан ұрпақтарынан исламдініне кіргісі келмегендерін аяусыз жазалағаны туралы мәліметтер кездеседі. Қазіргі кейбір тарихшылар Шыңғыс өкілдері мен нояндарының Ордадан Мәскеу княздарына қызметке көптеп кетуін осы оқиғалармен байланыстырады.
Ол билік құрған кезеңде Алтын Орда нағыз өрлеу кезеңін бастан кешті, оның саяси-әскери қуаты мен экон. дамуы шарықтау шегіне жетті. Бұл өрлеуді қалалардың өсуінен, халықар. қатынастар мен сыртқы сауданың, мәдениеттің дамуынан көруге болады. Алтын Орданың екінші астанасы – Сарай әл-Жадид гүлденіп, жаңа құрылыстар жүрді. Өзбек хан бұйрығымен Еділ, Қырым бойындағы, Хорезмдегі қалаларда мешіт-медреселер, түрлі сарайлар салынды. Оның тұсында Алтын Ордаға бағынышты орыс князьдіктерінің ішінде Мәскеу ерекше күшейді. Өзбек хан Ұлы Владимир князьдігі үшін болған күресте Мәскеу князьдарына қолдау көрсетті. Өзінен бұрынғы хандар сияқты Өзбек хан да Русьтегі православие дінін қудалаған жоқ, қайта олардың барлық жеңілдіктерін сақтады.
Алтын Орданың мәмлүктер билеген Египетпен сауда, мәдени, дипломат. байланысын жандандырды. 1319 ж., 1335 ж. Хулагу иелігіндегі Әзірбайжанға екі рет жорық жасады. Өзбек хан 1330 ж. Ақ Орда хандарының бұрынғы тәуелді кезін қалпына келтіру үшін Мүбәрәк қожамен соғысып, ұлы Тыныбекті Сығанақ қ-нда хан тағына отырғызды. Өзбек хан өлген соң Алтын Орда тағына ұлы Жәнібек отырды.
Объяснение:
осыгой