Ьрнрг
05.05.2020 22:38

Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды.Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады. Ауылда бір аңшы бір төбет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыл адамдары мойындайды. Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол Көксеректі іздеуге бірнеше адам болып шығады. Олар Көксеректі бір сайдың жотасынан кездестіреді. Сол мезетте үлкен төбет көксерекке арыстандай атылып, жолбарыстай бақырып тұра ұмтылады. Екеуі біраз арпалысады. Екеуінің күші тепе-тең болады. Екеуі бір-бірімен тістесіп, екеуінін ауыздары қарысып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп Көксеректі бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға Құрмаштың апасына Көксеректі алып келеді. Сол кезде апасы "Менің баламның жазығы не?" деп айтады. Апасы қайғыдан құса болады .

Мәтін негізінде берілген тірек сөздерді қолданып, демеулік шылаулармен (болымсыздық, нақтылау) 2 сөйлем жаз.

Тірек сөздер: 7 аш қасқыр, сайдың жотасынан, бір-бірімен тістесіп.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
YLANKATV
18.03.2022 01:47
--Қазақстанның жері қандай ?
--Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай.
--Қазақстанның жерінде  қандай қазба байлықтары бар?
--Қазақстанның жерінде көмір, мұнай, гранит, газ ,көмір, алюминий, мыс , қорғасын әктас  қазбалы байлықтары бар.
--Қазақстанның табиғаты қандай?
--Қазақстанның табиғаты өте әдемі.Қазақстанның жерінде нулы ормандары мен биік-биік таулары көп.
--Қазақстанның жерінде үлкен , көлдер, өзендер бар ма?
--Иә,бар,Атап айтар болсақ ,Арал, Балқаш, Зайсан,Алакөл 
 --Ертіс, Есіл, Іле сиякты үлкен көлдер ,теңіздер мен өзендер бар..
--Қазақстан қандай мемлекет?
--Қазақстан --тәуелсіз  үлкен мемлекет.
0,0(0 оценок)
Ответ:
nimblefish
15.11.2022 03:56

Пай,пай,әжелер-ай.

Қазақ халқының әр отбасында әженің орны ерекше әрі қастерлі.Сан тараулы тарихымызда Домалақ ана,ұлы ақын Абайдың әжесі Зере,Айғаным секілді әжелеріміздің бейнесі өшпес мұра.Сондай әжелердің бірі - Елдостың Нағима есімді асыл әжесі.Елдос жанұяның тұңғышы болғандықтан,кішкентайынан Нағима әженің қарауында болды.Әжесі оған ес жиып,әр нәрсеге қызыға бастағанында ертегі,аңыз-әңгімелер айтып беретін.Міне,сол әже тәрбиесін көрген Елдосты ауылда озат оқығаны үшін қаланың бір мектеп-интернаты оқуға шақырды.Елдос жақындарының рұқсатымен қазіргі таңда сол жерде білімін жалғастыруда.

  Оқушылар үшін қысқы демалыс та келіп жетті.Елдос ызғарлы боранның әсерінен ауылға апарар тас жолдың жабық екендігін естіп тұнжырап отыр.Не дегенменде,асыл әжесін көрмегеніне біраз болды.Көңілсіз ұйықтаған Елдос таң ата төсегінің жанында отырған сүйікті әжесін көріп орнынан атып тұрды.Нағима әже немересіне ауылдан құрт пен майын,өз қолымен тоқыған жүн шұлық,кеудешелер алып келіпті.Ал Елдосқа әжесінің алыстан ат терлетіп келгенінің өзі жетіп жатқан еді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота