studentsuka
09.03.2023 06:44

Тапсырма Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
А) Сұрақ:
Серік Қонақбаевтың Қазақстанның спорт саласын дамытудағы рөлі қандай деп ойлайсың?
Спорт саласында үлкен жетістіктерге жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Серік Қонақбаевтың спорттағы жолы қалай басталды?
Серік Қонақбаев спорт саласындағы қандай атақтардың иегері?
Серіктің атын әлемге танытқан қандай жеңіс болды?
Серік Қонақбаевтың спорттағы жетісіктері бұл салаға қызығушылық танытатын жастарға қалай ықпал етеді?
Ә) Мәтіннен есімдіктің қандай түрлері кезеседі, теріп жазып көрсетіңіз, салт және сабақты етістіктерді тауып, ажыратып жазыңыз.

Тапсырма

1-мәтін мен 2-мәтінді салыстырып, олардың стилін, жанрлық, тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз.

Қалайсың, Айжан!
Сәлем!
Не істеп жатырсың?
Ештеңе, қазір көше жаққа барам деп отырмын.
Аа, ол жақта не бар?
Наурызға концерт болып жатыр деді. Біздің көрші барып келді. Күшті болып жатыр дит. Барсайш менімен бірге.
Аа, иә, барайық. Менің де сол барсам ба, бармасам ба деп, алдымен сенен сұрап жатқаным ғой. Сен қашан шығасың?
Қазір бір жарты сағаттан соң ба деп отырмын.
Мені тоса тұр, иә? Қазір бір шаруалар болып тұр. Соны тез бітірп сен жаққа қарай өтемін.
Аа, жақсы! Общем, хабарласайық. Звондайсың ғой?
Ок.
1-мәтін
2-мәтін

Мәтіндер қандай стильде жазылған?

Жанрлық ерекшеліктері неде?

Тілдік қолданыстарында қандай ерекшеліктер бар?
сор ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Lizaveta20021
25.01.2022 19:58

Менің отбасым Менің отбасым үлкен . Біздің үйде атам , әжем , әкем , анам , ағам және мен бәріміз бірге тұрамыз . Атам мен әжем әлі жас , жұмыс жасайды . Атам - құрылысшы , ал әжем болса , мұғалім . Екеуі де 55 жаста . Әкемнің аты Олжас , ол - полиция қызметкері . Анамның есімі – Айжан , дәрігер болып жұмыс істейді . Ағамның аты Аян , ол 18 жаста . Университетте білім алуда , болашақ қаржыгер . Менің атым Баян , мен 12 жастамын . Сабақтан бос уақытта домбыра үйірмесіне қатысамын . Өскенде әнші болуды армандаймын . Біз - тату отбасымыз .

Объяснение:

Можно подписка))

0,0(0 оценок)
Ответ:
asabina2005
25.04.2021 03:49

ответ:тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл-құлға, бұрымды қыз-күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.

Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде өз тірлігімен айналыса береді.

Объяснение:надеюсь

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота