
Менің отбасым туралы диалог.
- Алмагүл, осы сенің отбасың үлкен бе?
- Ия, Сәуле. Менің отбасым үлкен. Біздің үйде жеті адам тұрамыз: атам мен әжем, ата - анам, ағам, қарындасым және мен.
- Қандай тамаша!
- Ия, менің ойымша, үйде әсіресе үлкен адамның болғаны жақсы. Қазақ халқында бұл жайында керемет сөздер бар ғой: «Үлкені бар үйдің қазынасы бар деген».
- Дұрыс айтасың, мен де бұл оймен толықтай келісемін.
- Атам мен әжем бізге үнемі өсиеттері мен ақылдарын айтып, бізді дұрыс жолға салып, мейірімді, бауырмал болуға тәрбиелеп отырады.
- Не деген керемет көрініс! Мұндай үлкен отбасында өзіндік ережелері мен салт - дәстүрлері де бар шығар?
- Ия, әрине, бар. Мысалға, ережелерге келер болсақ, біз әрдайым бір - бірімізге кез келген шаруада көмектесеміз, үлкендердің айтқанын екі етпей орындаймыз. Ал отбасылық дәстүрлеріміз өте көп. Соның ішінде маған ең ұнайтыны - ол демалыс күнгі отбасылық ас: анам міндетті түрде ұдттық тағам бесбармақ пісіреді, ал әжем болса, дәмді бауырсақтарын әзірлейді. Ал біз бауырларымызбен қосылып үй жинастырып, келер аптаның сабағын оқимыз. Осы демалыста сен біздің үйге қонаққа кел, мен сені өз отбасыммен таныстырайын.
Шақыруыңа көп рахмет, міндетті түрде келемін.
Қазір дүние жүзі елдері жахандану дәуірін бастан кешіріп жатыр. Бізде әлемдік өркениеттің заманауи жетістіктерін өзімізге қабылдай отырып, әлемдік даму жолына түсуге ұмтылыс жасап жатырмыз. Дегенмен жахандану дәуірінде де ұлттық рухани құндылықтарымызды қадірлеп, бағалай алуымыз қажет. Әсіресе солардың барлығының ең маңыздысы болып саналатын қазақ тілінің мәртебесін көтеру –бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында мемлекеттік тілдің тиісті деңгейде дамуына, қолданыс аясының кеңеюіне ерекше назар аударып келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайтуеліміздің саясатының басты басымдығы болып қала бермек.
Қоғамда, мемлекеттік тілдіқолдану мүмкіндігі жоғарысалаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Оның дәлелі ретінде өнер, әдебиет, мәдениет, ба з, радио, теледидарымыз 90- жылдарға қарағанда әлдеқайда қазақша сайрап тұр десек те болады. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны.
Сонымен бірге тіл саясатының көпұлтты мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Елімізде тату –тәтті ғұмыр кешіп жатқан әр ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге талпынуы қуантатын жағдай.
Елбасымыздың «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды» деген сөзі бүгінгі күннің және келешектің нақты ұстанымы екендігі сөзсіз.
Әсіресе, мемлекеттік органдарда іс жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшірудің үлкен стратегиялық маңызы бар. Себебі, қоғамдық өмірдің қай саласы болмасын мемлекеттік органдар арқылы басқарылады.
Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.
Тіл –халықтың жаны. Тіл –қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.Міне осы орайда ана тіліміз жайлы ойлану әрқайсымыз үшін парыз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі-тіл, бірі- ділің жүректегі» — деп, Ж.Баласұғын айтқандай, алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл-қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.