POMOGI111PJ
10.03.2022 01:41

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, есімдіктерді тауып, мағынасына қарай талдаңыз. СУ ТУРАЛЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ДЕРЕКТЕР
22 наурыз – бүкіл дүниежүзі су күнін атап өтеді. Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен,
адамзатқа су ресурстарының қоршаған орта мен қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратынын
еске салу үшін қабылданған болатын.
Қазіргі уақытта біздің ғаламшарымыздың 70%-ын су басып жатыр. Дегенмен, осы судың тек 1%-ын
ғана ішуге болады. Сонымен қатар, жыл сайын су ресурстарын пайдалану мәселесі де күшейіп жатыр.
Соңғы 50 жыл ішінде, әлемде судың жетіспеушілігіне байланысты 507 қақтығыс болды. Ал, суға
байланысты туындаған 21 дау-дамайдың арты соғыс әрекеттерімен аяқталды.
Судың – планетадағы ең қарапайым және ең танымал зат екені бәріне белгілі. Бірақ сонымен бірге, су
өзінде көптеген құпияларды жасырып жатыр. Ғалымдар су туралы көптеген қызықты деректер тауып,
әлі де суды зерттеулерін жалғастырып жатыр бжб болып жатыр комек керекк береминн ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
onetz
10.09.2022 13:26

                                  Асыл әжем.

Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.

Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын.  Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады.

Ал әжемнің айтатын ертегілері мүлдем ерекше! Кішкене кезімнен күнде кешкісін "Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде ..." деп жаңа ертегісін бастайды. Әжемді ерекше қатты жақсы көремін!

0,0(0 оценок)
Ответ:
shamshievoleg
09.04.2020 09:49

Объяснение:

Әлде қайда жолың түсіп Молдавияға бара қалсаң, Кишинев деген астанасының дәл ортасындағы бауда Пушкин көрді де­ген бір ағаш тұр. Оның да паспорты бар...

Дәл осындай Байшынар біздің Мың­бұ­лақ­тың Шоқыбас сайының өңірінде де бар. Мыңбұлақ Бостандық емес, әрине. Таби­ға­ты да қаталдау. Шынар жарықтық сонда да өскен. Ал бұл ағаштың паспорты өзгеше. Қаңылтыр тақта қағылмаған, жазу жазыл­ма­ған. Бұл Шынардың ел-таңбасын адам­дар тарих қамын ойлар салған жоқ. Тарих қамын ойлау қайда...

Ақпан айының «ақ мылтығы фашис­тер­дің оғындай қаңғыбас, қағынды болатын». «Ақ мылтық әсіресе қырық үшінші жылдың қысында құтырып кетті. Батыстағы қара мылтықтан қалыспаймын дегендей, апта­лап алты күн қатарынан соғатын сойқанды шығарды». «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен», Мыңбұлақтың өрісі боран болды.

Мыңбұлақтың отқа жағары таусылды. Ақ боран азынап тұрса, отын таусылып, пеш­тің құдығы уілдеп ұлып тұрса, адам бай­ғұс өз сирағын шауып жаққаннан кем бе екен. Ал бірақ өз сирағын өзі шаба ал­май­ды. Енді не істейді? Сұрапылдан бетер азынаған азын аулақ малға адамдар тоқал тамдарының бұтағындағы ескі қамыс пен сабанды суырып бере бастады. Бұғат ағаш­тың өзін отқа жақты. Ал Бұғат ағаш пен Бұғат қамыс таусылғанда не істейді жұрт?

Соғысқа дейін бұл ауылда түтін басы сайын бір-бір киіз үй бар еді. Бәрі бірдей алты қанат ақ боз үй болмаса да, әркімнің басына шошайтары бар болатын. Сәуір туа сол үйлер Аспантау алқымындағы қызғал­дақ жамылған жайлауға көшетін. Көшпенді өңірдің соңы сол болған шығар, өйткені қырық үштің қысында жұрт киіз үйлерінің сүйегін – керегесін, уығын отқа жаға бас­тады. Бұл жақсылық емес екенін біле тұра, бүгіннің өлмес қамын ойлады. Ертеңнен де үміткер: ертең соғыс бітер, ақжарылқап күн туар, сонда киіз үй де табылар деген. Бірақ соғыстан кейін ешкім қайтып киіз үй тікпеді. Бұл елде бір кезде киіз үйлер болғанының еміс-еміс елесі ретінде әлі күнге дейін кейбіреулердің мал қорасының төбесінде көне шаңырақ ілулі тұрады. Соғыспен боран қанша қасарысса да, Мыңбұлақ­тықтар киіз үйдің шаңырағын отқа жағуға дәті шыдамаған. Шаңырақ жағылғанша, сирақтары шабылғаны артық.

Отқа шаңырақты қимаған жұрт Мың­бұ­лақ­тың қарқарадай қасиеттісі, бөркіндегі үр­кідей аяулысы – Бақтияр баба бағына ауыз салып, балта шаба бастады. Әуелі бір-бірінен: «Әй, аруақ-құдайдан қорықсаң­дар­шы» – деп еді, артынан бұл сөз отын болмайтынына көздері жеткен соң тілдерін тістеп, Бақтияр бағына жаппай тиіскен. Әуелі майда шілік қиылды. Содан сүмбілтал мәжнүнтал, сөгетітал сөгілді. (Енді киіз үйге уық-кереге қайдан болсын!) Артынан ақ терек, көк терек қырқылды. Ал айналасы тып-типыл жалаңаштанып, жалғыз өзі аспандап қалған Байшынарға балта шабуға ешкімнің батылы бармады. Сүмбіл талды балта мен отаған түні әлде кімдер боран арасынан ыңырсып, кейде шың­ғы­рып жылағандай

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота