Күрделі сөз. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық, боз торгай, қара торы, он уш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ, (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бесжылдық (бес және жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он уш (он және үш).
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді. Сөйтіп, күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі болып табылады.
№20 орта мектептің Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Үлкенге –құрмет, кішіге- міндет» іс –шарасының айлық жоспары негізінде «Біз төленбес қарыздармыз» соғыс және тыл еңбек ардагерлерінің үйіне 9 сынып оқушылары саяхат жасады. Ащыбұлақ округінің және аудан бұйрығы негізінде ұйымдастырылған шараға оқушылар белсене қатысты. Ащыбұлақ тұрғыны тыл еңбеккері Шаншаров Бибінұр Естеуовна апаға және Белоусова Надежда Прокопьевна апаның үйіне 9в және 9 а сынып оқушылары сынып жетекшілері Рахимбаева А және Биекенова Ж бірге аралады. Оқушылар тыл ардагерлерімен әңгімелесіп, ауласына, үй тұрмысына қажетті көмек ұсынды. Тыл еңбеккерлері өздерінің совхоз кезіндегі еңбектерін, алган орден мараппаттауларын және балаларының, немерелерінің суреттерін көрсетті. Тыл еңбеккері Шаншаров Бибінұр Естеуовна үй шаруасыныа ешқандай көмек керек емес, барлығы жақсы деп алғысын білдірді. Тыл еңбеккері Белоусова Надежда Прокопьевна үш ұлы қайтыс болған, жалғыз тұрады екен. Оқушылар үйінің гүлдеріне су құйып, терезе шаңдарын сүртіп, есік алдын сыпырып көмек көрсетті. Жылы лебіздерін, ризашылықтарын білдіріп, тыл еңбеккерлері құрметке рахмет айтып шығарып салды. Оқушылар үлкен бір игі іс атқарғандарын сезініп, сыныптастары арасында талқылады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку