Айгуль19791788
15.01.2022 01:01

Мәтінді түсініп оқы. Ұлыстың ұлы күні
Наурыз — көне мейрам. Ол Ұлыс күні аталып, жыл басы саналған. Қазақстанда
Наурыз мейрамы үш күн атап өтіледі.
Бұл күні ер адамдар бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады. Ал әйелдер
құшақтасып, бір-біріне игі тілек айтады. Бірін - бірі мерекеге арнап дайындалған
наурыз көже ішуге қонаққа шақырады. Алтыбақан басында ән айтып, күй тартады.
Кокпар, аударыспақ, күрес, кыз қуу сияқты ұлттық ойындар ойнайды.
Таң ата көпшілік биік
төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
2-тапсырма. А. Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған 1 сұрақ құрастырып жаз:
ә. Берілген сөйлемдерден зат есімнің жалпы және жалкы түрлеріне және дара және
күрделі зат есімге бір бір мысал жаз.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн атап өтіледі. Бұл күні ер адамдар бір-бірімен
қос қолдасып, төс қағыстырады. Ал әйелдер құшақтасып, бір-біріне ші тілек айтады.
Жалқы есім
Жалпы есім
Зат есімнің
Зат есімнің
көпше түрі
жекеше түрі​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
agnesa9890
23.04.2021 21:39
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ruslan07072
02.02.2021 01:26
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.

2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.

Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-іміз.

Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.

Мысалы: Хат, халық, хабар, қабақ, қабық, қысым, ғалым, ғажап.

1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және – брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.

Мысалы: сентябрь – ге, октябрь – ге, апрель – ге, рольдер, рояльға, нульге 2. –Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.

Ескерту: Мына төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуан – жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады:
- мен (-бен, - пен): қалам – мен, ағаш – пен;
- паз: әсем – паз, өнер – паз;
- қор: пәле – қор;
- қой: сән – қой;
- кер: жұмыс – кер;
- дік (-нікі, - тікі): колхоз – дікі;
- кеш: арба – кеш;
- хана: шеберхана
- күнем: пайда – күнем.

Басқа тілден енген сөздер буын ундестігіне бағынбайды. Мысалы: кі-тап-тар, пи-о-нер-лер.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота