Менің отбасым туралы диалог.
- Алмагүл, осы сенің отбасың үлкен бе?
- Ия, Сәуле. Менің отбасым үлкен. Біздің үйде жеті адам тұрамыз: атам мен әжем, ата - анам, ағам, қарындасым және мен.
- Қандай тамаша!
- Ия, менің ойымша, үйде әсіресе үлкен адамның болғаны жақсы. Қазақ халқында бұл жайында керемет сөздер бар ғой: «Үлкені бар үйдің қазынасы бар деген».
- Дұрыс айтасың, мен де бұл оймен толықтай келісемін.
- Атам мен әжем бізге үнемі өсиеттері мен ақылдарын айтып, бізді дұрыс жолға салып, мейірімді, бауырмал болуға тәрбиелеп отырады.
- Не деген керемет көрініс! Мұндай үлкен отбасында өзіндік ережелері мен салт - дәстүрлері де бар шығар?
- Ия, әрине, бар. Мысалға, ережелерге келер болсақ, біз әрдайым бір - бірімізге кез келген шаруада көмектесеміз, үлкендердің айтқанын екі етпей орындаймыз. Ал отбасылық дәстүрлеріміз өте көп. Соның ішінде маған ең ұнайтыны - ол демалыс күнгі отбасылық ас: анам міндетті түрде ұдттық тағам бесбармақ пісіреді, ал әжем болса, дәмді бауырсақтарын әзірлейді. Ал біз бауырларымызбен қосылып үй жинастырып, келер аптаның сабағын оқимыз. Осы демалыста сен біздің үйге қонаққа кел, мен сені өз отбасыммен таныстырайын.
Шақыруыңа көп рахмет, міндетті түрде келемін.
Аға біздің ең жанашыр бауырымыз. Үлкен болғандықтан үнемі қамқор, үлгі, өнеге көрсетіп жүретін жомарт жан. Ол бізге кейде ата-анамыздың да орнын алмастырып, тамағымызды беріп, қаймыққанда жанымыздан табылып, қуанғанда күлкіміздің себепшісі бола біледі. Менің ағам менен 3 жасқа үлкен. Сөйтсе де, тап бір маған үлкен кісідей көрінеді. Үнемі ақылын айтып жүреді. Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуді айтып, ақылын үйретіп келеді. Мектепке алып барып, алып та қайтатын. Мен ағамның қаншалықты жақсы адам екендігін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Тек бір айтарым оны шексіз жақсы көремін. Мәңі аман есен, дені сау болып, өмірден өз орнын тауып, отбасын құрғанын қалаймын.
Объяснение: