ayzhan1979
19.11.2020 14:54

1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, төмендегі аспект бойынша салыстырыңыз.

1-мәтін
Төле би Əлібекұлы (1663 – 1756 жж.) – қазақтың би-шешені, мемлекет жəне қоғам қайраткері, ойшыл дана. Ұлы жүздің төбе биі. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Қазақтың аңыз-əңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер мен хандардың, əсіресе, өзінің бабалары – Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді төреліктері мен өнегелі нақыл-шешен сөздерін ойында сақтап өседі.
Əкесі Əлібек шешен, сауатты жəне ел əңгімелерін жақсы білетін адам болған. Ол ұлының ерте есейіп, сол кездегі атақты билерден бата алуына себін тигізеді. Төле бала жасынан əкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл-парасаты, əділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түсе бастайды. Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.
Төле бидің əділдігі, ойға жүйрік, сөзге шешендігі жұртшылыққа оны белгілі, сыйлы етеді. Сонымен бірге қазақ халқын біріктіру, Қазақ мемлекеттігін нығайту, халық атынан сөйлеп, шешім шығару Төле бидің өмірлік мұраты болды. Төле би Абылай ханның «Төбе биі» болып, Ташкентте өмірінің ақырғы жылдарына дейін Ұлы жүзді басқарып тұрған.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dVioletta
25.04.2023 20:50
Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
jamshidbek
05.12.2022 04:48
Құлайын деп бара жатам құлдырап,Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,Сол кезде бір ән естимін жақыннан,Аққан бұлақ секілденген сылдырап.Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,Тіршіліктің әуенімен тыныстап,Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,Кел дегендей болады бір күміс бақ..Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.Ойнап шығам содан кейін құрақтай,Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота