Нано дәрігерлер - бұл мамандық иегерлері дәрігерлердің бөлігі. Бұл дәрігерлер адамды тек қана емдемей, оларға қажетті жаңа күштер қоса алады. Мысалы оларға жаңа күш не бұрыңғыдан ақылды ете алады. Бұған көбіне орыс халықтары болады деп есептелінеді. Себебі қазірден бастап Ресейде бұл зерттеле бастапты.
Вертикальды фермерлер - бұл мамандық иегерлері өз өнімдерін вертикальды орналасқан үлкен жылыжайларда өсіреді. Олар шыңдарда орналасады деп көзделеді. Келешекте вертикальды фермерлер атауы өзгереді деп есептелінеді.
Виртуалды ұстаз - бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі. Келешекте біздің түсінігіміздегі университеттер, мектептер жоғалып, оның орнына виртуалды яғни, компьютермен жұмыс істеу.
Климат менеджері - бұл мамандық иегерлері аты айтып тұрғандай ауа-райымен жұмыс жасайды. Олар ауа-райын табиғи емес, жасанды түрде зерттейді.
Метеорг-полицейлер - бұл мамандар келешектегі нашар ауа-райына байланысты түрлі қылмыс болады деп есептелінеді. Сол себепті олар климатпен қатар, тәртіпті де бақылайды.
Мұхтар Әуезов туралы диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, үй тапсырмасына Мұхтар Әуезов туралы ақпаратты өз беттерінше тауып келуді тапсырған болатынмын. Дайынсыңдар ма?
Оқушылар: Әрине, апай! Дайынбыз!
Мұғалім: Бәрекелді, ендеше тексеріп көрейік! Мұхтар Әуезов қай жылы және қай жерде дүниеге келген?
Мейрамгүл: Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.
Мұғалім: Жарайсың, Амира. Келесі сұрақ: Мұхтардың бала кезінен Абай мұрасына қызығушылығын оятқан кім еді?
Санжар: Абай мұрасына қызығушылығын оятқан атасы Әуез болатын!
Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар! Ал Мұхтардың атасының Абайға қандай жақындығы бар?
Еркебұлан: Мұхтардың атасы Әуез – Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның туған інісі.
Мұғалім: Мұхтар Әуезовтың тұңғыш көлемді туындысын кім біледі?
Асылай: Мұхтар Әуезовтың тұңғыш көлемді туындысы «Еңлік - Кебек», оны 20 жасында жазған екен.
Мұғалім: "Еңлік-Кебек" ең алғаш қашан жіне қай жерде сахналанды?
Аспандияр: 1917 жылы Абайдың әйелі Әйгерімнің ауылында сахнаға қойылды.
Мұғалім: Бәрекелді, балалар! Өте жақсы дайындалып келіпсіңдер! Ендеше сабағымызды жалғастырып, Мұхтар Әуезовтың шығармашылығымен таныс болайық.