annalol00
16.06.2021 01:52

Қазақ жерінде он қорық бар. Талас Алатауының етегінде еліміздің байырғы қорықтарының бірі – Ақсу Жабағылы қорығы бар. Ақсу Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Мұнда тек аң-құстар ғана емес, шөптер де, гүлдер де қорғалады. Ақсу Жабағылының эмблемасы өте сирек кездесетін Грейг жауқазыны. Қорықтың мақтанышы - алма ағаштар өскен тоғайлар. Алматы қорығы Іле Алатауының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Мұнда Сібірдің тау текесін, маралды, елікті, сілеусінді, барысты және ақ тырнақ аюды кездестіруге болады.
Солтүстік далалық аймақта Қорғалжын қорығы орналасқан. Мұндағы өзендер, көлдер мен батпақтар сан түрлі құс ұя салып, түнеп жүретін орын ретінде қызмет етуде. Қорықтың ең экзотикалық тұрғыны - қызғылт қоқиқаз. Қостанай облысындағы Наурызым қорығы күллі дүниеге өзінің ғаламат қарағайлы ормандарымен атағы шыққан.
Үстірт жонындағы шөл қорығы өте сирек арқардың (Үстірт муфлоны) бір түр тармағын, сондай-ақ сусар тұқымдас және құмды дала өсімдіктерін қорғау үшін арнайы құрылған.
Барсакелмес - Арал теңізінің «Барсакелмес» атты аралына орналасқан жалғыз қорық.
Шығыс Қазақстан тауларында Марқакөл қорығы бар. Табиғаты өте көркем. Марқакөл көлінің атымен аталған.

Лучшему ответу ​


Қазақ жерінде он қорық бар. Талас Алатауының етегінде еліміздің байырғы қорықтарының бірі – Ақсу Жаб

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Ответ:
Lidya777
06.04.2021 14:50

1. Ер — елінде, гүл — жерінде.

Өз елінде көртышқан да батыр.

Өз елінің иті де қадірлі.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.

Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.

Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.

Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.

Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.

1. Қылыштың міндеті - кесу,

Қолдың міндеті - шешу.

2. Итпен ит ырылдасса - тамағының тоқтығы,

Жігітпен жігіт қырындасса - ынтымағының жоқтығы.

3. Ел боламын десең достас,

Қор болам десең қастас.

4. Ер татулығы - ел татулығы.

5. Қас боп жүріп, дос болғанға мақтан.

Дос боп жүріп, қас болғаннан

0,0(0 оценок)
Ответ:
яМаруся26
06.04.2021 14:50

«Егер мен миллионер болсам ...»

Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, өзімді миллионер елестетіп көрейін. Әрине, миллионер болсам, ең алдымен, «не істейтін едім, ол ақшаны қалай жұмсайтын едім?» деген сұрақ көкейімде болатыны айдан анық. Енді осы сұраққа жауап беріп көрейін.  

Әрине, қазіргі материалдық қоғамда қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Дегенмен, мен бай екенмін деп менсінбеушілік танытпаған абзал. Себебі, «ақша деген - қолың кірі, бүгін бар, ертең жоқ».

Сонымен, мен миллионер болсам, ең алдымен, отбасыммен шетелдік саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.  

Одан соң ақшамның бір бөлігін балалар ауруын емдеу үшін жүргізілетін зерттеулерге жұмсар едім. «Сәбилер бақытты болу үшін жаралған» деп әнге қосылып айтылғандай, ешбір сәби ауырмай, балалық шағы бақытты болса екен деп армандаймын.

Қалған ақшаны анама беріп, өз қалауынша жұмсаса екен деймін. Әрине, бұлай мен анамның түнгі ұйқысы мен ақ сүтін ақтай алмаймын, дегенмен анам да бақытты болып, ешнәрседен тарықпаса екен деп армандаймын.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота