
Англияда абсолютизмнің қалыптасуы. Англияда 1343 жылдан бастап Парламент екі палатадан тұратын болды. Жоғарғы палата — лордтар палатасы деп аталып архиепископтардан, епископтардан, ірі барондардан құрылды. Төменгі палата — қауымдар палатасы аталды. Оған рыцарьлар мен қала өкілдері қатынасты. Кейін XIV ғасырда Парламент заңдар шығарып отыру құқына да ие болды. Ол орталықтанған мемлекеттің жетістігін бейнелейтін басқару ұйымына айналды. Парламент феодалдық мемлекеттің одан әрі нығая түсуіне жағдай жасады.