Игнат20082412
03.02.2023 07:15

Диалогті оқып, қаратпа мағынадағы сөйлеу этикеті формасын анықта. Дастан: - Амансыз ба, апай! Наурыз мерекесі құтты болсын!
Сақыш апай: - Амансың ба, айналайын! Саған да құтты болсын!
Дастан: - Қаладан бүгін келдім, демалысқа шықтық.
Сақыш аnай: - Бәрекелді! Демалысың жақсы етсін, балам. Кел, төрлет, наурыз көжеден дәм тат.
Дастан: - Рақмет, апай, сіздің көжеңiз ерекше дәмді болады.
Сақыш апай: - Іше ғой, бауырсақтан ал. Наурызда көршілер осылай бір-бірінің үйіне кіріп, игі
тілек тілегені абзал.
Дастан: - Иә, апай, ақ мол болсын! Аман болыңыз!
Сақыш аnай: - Көп жаса, балам! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Дұрыс жауап саны: 2
балам
демалысың
апай
амансыз ба​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
POMOGIf
27.10.2020 23:19

Біз Еуразия кеңістігінде орналасқан егеменді елдің бақытты ұрпағымыз.

Және болашақ біздің, яғни білімді жастардың қолында. Елбасымыз «Болашақтың кілті – жастардың қолында», «Ел ертеңі – білімді ұрпақ», «Тәуелсіздіктің мызғымас тірегі - жастарымыз» деп ылғи бастама көтеріп, жастарға көп қолдау көрсетіп, үлкен сенім білдіріп келеді. Әрине, біз егемен елдің егесіміз, қазақ деген ғажап халықтың ұлттық намысымыз, «ойы дауыл, сезімі аспан, тек жеңіспен көзін ашқан» жалынды жігеріміз, айбынды айбатымыз, қажырлы қайратымыз бар, көзімізде от ойнаған, білім деген сарқылмас бұлақтың суын қанып ішіп, биіктерге бойлаған тәуелсіз елдің тірегіміз.

      Елін сүйген біздей өскелең ұрпағы бар елдің ертеңі айқын, келешегі кемел, болашағы жарқын. Біз жастар- жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз. Елбасының жастарға жүктеген мақсат-мүдделерін жүзеге асыруда туған жерімізге,тұрған елімізге ерен еңбек атқаратынымызға сенімім мол. Мен болашаққа сеніммен қараймын. XXI ғасыр ұрпақтарының атынан әлемге жар салғым келеді: «Біз- Мағжан сүйген жастармыз»!

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
kamilanurganbay
30.06.2022 12:15

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.

Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.

Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.

Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.

Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.

Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота