Төлеген Айбергенов Ана Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. II Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.
Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынов зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку