Қайрат Нұртас (25 ақпан 1989 жыл Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген) — Қазақстанның эстрадалық әншісі. Бүгінгі таңдағы қазақ тілінде ән айтатын әншілердің ішіндегі ең танымалы. Тыңдармандар мен әріптестерінің арасында көптеген табынушылары бар.Әкесі - Нұртас Айдарбеков, анасы-Гүлзира Айдарбекова (туған. 1968, қыздың аты Дәрібаева); Аян мен Зангардың інілері бар. 2008 жылдан бастап Жұлдыз Әбдікәрімоваға үйленген. 14 сәуір 1988 жыл), некеде төрт бала дүниеге келді: қыздары Алау сезім, ұлдары Нарул және Хан
Әдеби әлемнің танымал туындылары оқырманына дәуірдің тыныс-тіршілігі мен тарихи кезеңдері, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық құндылықтар, сондай-ақ автордың тебіреністері жайында сыр шертеді. Абайдың ұлы поэзиясы, Толстойдың тарихи прозасы, Ибсенның новаторлық драматургиясы біз үшін өткен күндердің картинасын құруға және де сол заманның әлеуметтік санасына кіріп кетуге мүмкіндік береді. Әрине, бұның барлығы да әдебиеттің құдіретті күші. Ол бізге шетел асып, шекараны бұзуға көмектеседі: түрік әлеміне жақын боламын десең, Памуктың романдары, ал үндістердің өмірімен танысамын десең, Рушдидың прозасы бар. Алайда, жазушы болу — үлкен жауапкершілік, әрі кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Содан болар, қазіргі жазушылардың көтерген әдеби жүктерінің ауырлығы соншалық, посткеңестік кеңістікте ұлттық проза кенжелеп, жазушы деген атақ құнсызданып бара жатқандай...