Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Расул Гамзатов «Менің Дағыстаным»
Текели қаласы
8 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Берикболова Гулмира Мухаметкаримовна
Расул Гамзатов «Менің Дағыстаным»
Сабақтың мақсаты:
1.Авар халқының ұлы ақыны Р.Ғамзатовтың «Менің Қазақстаным» әңгіме -сінің мазмұны мен идеясын ұғындыру.
2.Оқушыларға Отанын,елін,жерін сүюге,туған тілін қадірлеуге тәрбиелеу,патриоттық сезімін қалыптастыру.
3.Оқушылардың сөйлеу тілін,өз бетінше топпен жұмыс жасау арқылы ойларын нақты жеткізе білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі:жаңа білім беру.
Күтілетін нәтиже:
Автор жайлы мәліметтер жинайды.Әңгімені оқып,мазмұнын ашады,шығарма құрылысына талдайды.Жеке ,топпен жұмыс жасау арқылы ойларын нақты жеткізе білу дағдысын дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: Р.Гамзатовтың суреті,карта,слайд
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Сыныпты топқа бөлу.
ІІ.Қызығушылығын ояту(музыка жіберіледі)
-Мына әуен қай халықтың музыкасы?
-Тау халықтарының ұлттық биі.
Мұғалім:
-Балалар,бүгін тау елі деген ұғыммен танысаимыз. «Дағыстан» араб тілінен аударғанда «тау елі» деген ұғымды білдіреді.Жалпы алғанда дағыстандық деген ұлт жоқ,тек ұғым бар.
Расул Гамзатов – авар халқының ақыны.Өмірі баяндалады.
ІІІ.Ой шақыру.
...Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.
ІҮ.Мағынаны тану.
Мұқағалиша айтсақ,біздің үш бақытымыз бар.Сол үш бақытты кім атап береді? Өлеңді жатқа сұрау.
«Менің Дағыстаным»әңгімесінің мазмұны баяндалады.
Ү.Джиксо стратегиясы бойынша тапсырма беріледі.
А)І үш топқа мәтін бөлініп беріледі.
Б)Мазмұнын сұрау және тақырыпшаға ат қою.
В)Түсініксіз сөзге түсінік беру.Тоқал үй – шатырсыз үй.
Г)Тақтаға 3 сұрақ жазылған бетше ілінеді.
1.Аварлық кісінің «Елді аңсау»суретінде өзін тауды басқан тұманға теңеуінің себебі неде?
2.Тікенек басындағы құстың оқиғасы мен суретші өмірінде қандай ұқсастықтар бар? Айырмасы қандай?
3.Анасы адасқан ұлын неге кешірмеді?
Кітаппен жұмыс.
1.Суретшінің елге қайту себебін кітаптан тауып оқу.
2.Анасының ұлының авар тілінде сөйлеспеді дегендегі көңіл күйін сипаттаған жерін тауып оқы.
Шығарманың композициялық құрылысы жасалады.
1.Оқиғаның басталуы: Парижде дағыстандық суретшімен кездесуі.
2.Оқиғаның дамуы.
а)Суретшінің салған суреттерін көрсетуін өтінді.
б) «Елді аңсау»суреті.
3.Оқиғадағы шиеленіс:
а)Аварлардың көне аңыз желісі бойынша салынған суреті.
ә)Елге неге қайтқыңыз келмейді?
4.Оқиғаның шарықтау шегі:
а).Суретшінің туған-туысқандарымен,анасымен болған әңгіме.
ә).Сендер аварша сөйлестіңдер ме?
5.Шешімі: Менің ұлым баяғыда өліп қалған.