
Міндеттемелер заң талаптарына, міндеттеме шарттарына, іскерлік айналым әдет-ғұрпына және өзге де қойылатыи талаптарға сөйкес орындалуы тиіс.
Тиісті негізде орындалуға қойылатын талаптар әр түрлі болуы мүмкін, атап айтсақ, орындау тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті әдіспен жүзеге асырылуы тиіс. Міндеттемені орындау шарттары тек тараптардың келісімі бойынша иемесе заңда бекітілген негіздер бойынша өзгертілуі тиіс.
Міндеттемені орындау мерзімі көп жағдайда шарттың талаптарымен, яғни, тараптардың келісімі бойынша анықталады. Бірақ кей кездерде тараптардың шарт морзімін ескермейтін жағдайлар да кездесіп жатады. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілген Ережелер қолданылады. Сондай-ақ заңда міндеттемені ақылға қонымды мерзім ішінде орындамаған немесе міндеттеменің орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталған жағдайда борышқор міндеттемені несие берушінің талап еткен күнінен бастап жеті күн мерзім ішінде орындауға тиіс.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.