
Менің отбасым.
Менің отбасым үлкен. (если семья не большая, пиши вместо үлкен үлкен емес) Отбасымда 5 адам бар. Олар: әкем, анам, әжем, інім және мен.
Менің әкем- , 1970 жылғы, . Мамандығы- бас инженер. Қолы боста, маған физика пәнінен көмек беріп, түсіндіреді. Менің әкем- қатал, бірақ ақкөңіл адам.
Менің анам- , 1973 жылғы. Мамандығы- ұстаз. Анамның қолы алтын. Кез келген уақытта көмегін аямайды. Мен де анама үй шаруасымен көмектесуге тырысамын. Анамның мінезі жұмсақ, мейірімді.
Әжем-, 1950 жылғы, ол-зейнеткер. Әжем маған жемпір, бас киім, қолғап тоқыған жақсы көреді. Менің әжем ең керемет әже.
Інім-, 1999 жылғы, мектеп оқушысы. Сабақты жақсы оқиды. футбол мен баскетбол ойындарын жақсы көреді. Каратэмен айналысады.
Ал менің атым- Мен Астана қаласында
1996 жылы, шілденін 18-ші жұлдызында дүниеге келдім. № мектепте оқимын. Бос уақытымда кітап оқыған, кино көрген, ән тындаған, өлең жазған ұнатамын. Спорт жағынан да қалыспауға тырысамын. Маған қазақ тілі, физика, математика, денешынықтыру пәндері ұнайды.
Шығарма
Қыс.
Сары аязымен маңайды түп-түгел баурап қыс та келіп жетті.Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері болады.Ал қыс мезгілің ерекшелігі - аппақ қары."Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-жерге жауған нұр" демекші,көгілдер аспаннан жауған мамық қар күнмен шағылысып бейне бір бағалы тастар секілді.Ал қалың етігіңмен қарды басқан кезде "қырт-қырт" еткен дыбыстардың шығуы да жүзіңе күлкі сыйлайды.
Қыстыгүні табиғат қана емес,ойындар да керемет көңіл-күй береді.Шана, шаңғы тебу, аққала жасау, қардан қорғандар тұрғызу, қармен атысып ойнау - бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады?Тоңсаң да үйге қайтқың келмей,әзер ойынды тастайсың.
"Қыс - аязымен,жаз - самалымен" деген екен халқымыз.Ия,қысты аязсыз елестету мүмкін емес.Далаға шықсаң екі бетіңнің ұшы мен мұрның қызара кетеді.Ал таңертең терезеге аяз салып кеткен өрнекті қыраулар да тамаша көрініс.
Қыс, қар, мұз, қырау, қылау - жерді көміп,
Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп,
Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап,
Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, төгіп,-деп ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай,қыс - ең әсем,қызықты мезгілдердің бірі.