
Берілген билетке жауап.
1 сұрақ.
Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.
Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.
Батаның түрлері:
1. Нәрестеге бата
2. Асқа бата
3. Ұлға бата
4. Қызға бата
5. Келінге бата
6. Сапар бата
7. Жастарға бата
8. Сүндет той батасы
9. Наурыз батасы
10. Ораза айт батасы
11. Жарапазан батасы
12. Ас қайыру батасы т.б.
2 сұрақ.
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
3 сұрақ.
Ит өлген жер – алыс;
Қырғиқабақ болу – ұрысу;
Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалаймыз. Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі — Жаңа жыл. Бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Балалар аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Жаңа жыл мерекесін тойлап болған соң қысқы демалысымызға шығамыз. Қыс мезгілінде барынша жылы кейінеміз. Қанша дегенмен қыстың өз қаталдығы бар. Менің қысқы демалысым өте қызықты өтті. Мен атам мен әжемнің үйіне және көкемнің үйіне қыдырдым. Көкемнің балаларымен коньки тебуге бардық. Қораның ішінде аққала жасап, шанамен ойнадық. Қыс мезгіліндегі даладағы ойындар, әдемі жерлердегі серуедер өте керемет болды. Қыстың аппақ қарымен, өзіндік қаталдығы бар ызғарынан ерекше әсер алдым. Қыс мезгілі мен үшін ерекше таңғажайып мезгілдей сезімде болдым. Қысқы демалысымда жақсы демалдым. Үшінші тоқсанға ерекше ықыласпен, үлкен күш қуатпен сабағыма кірістім десем болады.