angel4004
24.02.2020 04:25

3-тапсырма Шектік және сұраулық демеуліктердің әрқайсысына бір сөйлем құрастырып жазыңыз.

Шектік демеуліктер ғана, (қана), тек, -ақ,

Сұраулық демеуліктер

-ма, (-ме) ? ,-ба (бе) ?



Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
xxz10492
27.08.2021 18:06

«Астана-отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» Н.Ә.Назарбаев

Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.

Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.

Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

Не деген махаббат сұрапыл,

Тәңірден берілген нұр, ақыл.

Астана қазақты ғаламға,

Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп

Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі.

Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Traken
02.12.2022 17:30
Тіл-ол адамның ең керемет мүшесі. Адам оны дұрыс пайдалана білуі керек. Ол арқылы адам бір-бірімен тілдесе алады. Осы өмірде тілдің маңызы адамзат үшін өте үлкен рөл атқарады. Тілсіз адам адам емес. Олсыз бұл өмірде ешкім бір-бірімен сөйлесе алмай, өздерінің ойын айта алмас еді.Əрине, қазіргі кезде үш тілді білу қажет. Ол тілдерді білу өзіміз үшін керек. Дəл сол тілдерді білу арқылы əр адам биік шыңдардан көрінеді. Оқу əр адамның өзі үшін. Ежелде қазақ халқы "өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметтте"-деп, бостан-бос айтпаған. Осы мақалға сүйене отырып, біз мынадай түйін құраймыз: əр елде өзінің тілі, туы, мақтан тұтар əнұраны бар. Сол тілдердің барлығын меңгере біл. Ол өзіңе артық етпейді. Бірақ ең бастысы өзіңнің ұлттық тіліңді ұмытпай, еліңді қорғай білуің міндет. Ағылшын, орыс жəне қазақ тілі қазіргі кезде көп кездесіп, қолданылады. Оларды біз қазіргі кезде маңызды тіл деумізге де болады. Əр тілдің өзіне тəн ерекшелігі бар. Егер оқуға құлшынысың болса, сен əр тілде еркін сөйдей аласың. Сондықтан қазіргі заманда үш тілді білу-міндет деген.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота