Matvey0203
01.05.2021 06:02

Мәтіннен екі сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз. Биоалуандылық деген не?
Жер бетінде бір-біріне ұқсамайтын тіршілік иелері өте көп. Ғаламшарымызда
10 миллионнан астам түр тіршілік етеді. Тірі ағзалардың әркелкілігі «биоалуандылық» деп
аталады. Ол әралуан түрлердің саны мен түр ішіндегі айырмашылықтарды қамтиды.
Биоалуандылық экожүйелердің саулығы үшін өте маңызды. Биоалуандылық: әралуан
түрлердің саны. Түрлер арасындағы айырмашылық. Тұрақты экожүйелер үшін маңызды
әрбір түрдің ерекше рөлі бар, сондай-ақ, түрлердің әралуандығы өзгерістен қорғануға
көмектеседі. Бірақ жаһандық биоалуандылық үлкен қарқынмен азаюда.
Жаһандық биоалуандылық қысқаруда. 2100 жылға қарай шамамен 50-75%-ға қысқарады.
Бұл біздің тіршілігімізге қатты әсер етеді.
Қор
Біріншіден, барлық тағамдарымыз, көптеген дәрілер мен материалдар тірі ағзалардан
алынады. Биоалуандылықтың қысқаруынан болашақ қорларымызға қауіп төнеді.
Тұрақты экожүйелер
Екіншіден, бір биологиялық түрдің жойылуы өзге бір түрдің жойылуына әкеледі.
Әралуан түрлер өсімдіктерді тозаңдау, суды тазалау, топырақты қалпына келтіру, жерді
эррозиядан қорғау және атмосфераны тазарту қызметтерін атқарады. Биоалуандылықтың
қысқаруы экожүйе мен бүкіл қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Құрметті профессор Уилсон Э.О., Гарвард университеті – «Бізге әрбір түр қажет. Бізге
түрлердің шексіз әралуандылығы қажет. Біз үшін әрбір түр маңызды, себебі олардың
азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады».
Барлық тірі ағзалар өзара тығыз байланысқандықтан, биоалуандылықтың азаюы бүкіл
экожүйені бұзуы мүмкін. Сондықтан өзіміз тірі қалу үшін биоалуандылықты сақтауымыз
керек. Көп адамның ойынша, адамдар Жердегі биоалуандылықты қорғауға моральді
тұрғыда жауапты.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Dead94
10.06.2021 02:39

1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бірден аяққа тұрып кетпегеніміз бәрімізге аян. Әлемге беймәлім елдің болашағы бұлыңғырлау көрінгені рас. Бірақ қазақ халқы еш уақытта мойыған жоқ. Елбасы айтпақшы, «Тәуелсіздік алған тұста бұрынғы Кеңес Одағының соңында қалған республика болатынбыз. Экономикамыз әлсіз, қолда бар өндірістер мен зауыттар әбден ескірген. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы, зейнеткерлерге зейнетақы тауып берудің өзі қияметтің қиыны болатын». Десе де қиын-қыстау шақты артта қалдырып, дамудың даңғыл жолына түстік.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Dinho1337
16.01.2022 15:20

Тастанбекқызы Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы-Найман.

Сара Тастанбекқызы Абайдың көзін көріп, онымен замандас болған тұлға. Оның өмір жолын оқып, ауыр тағдырына үңіліп көрсеңіз сол кезеңдегі әйел теңсіздігінің қандай болғанын шамалайсыз. Расында да, Сараның басына түскен тауқыметті екінің бірі көтере алмас еді. Ол үш жасында әкесінен айрылып, анасы екеуі жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көрді. Бұларды алғашында қамқорына алған немере ағасы Жайсаңбекке де жала жабылып, ол ертеректе қамалып кеткен болатын.

Онсыз да әбден қиыншылықта бой жеткен қыз бен оның жесір анасын Тұрысбек қажы деген кісі алғашында өз ауылына көшіріп әкелген. Кейін ол Сараны кеміс туған бай баласы Жиенқұлмен атастырып, одан қыздың қалыңмалын алады. Мұны естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіреді. Алайда, бұл жағдай ақын қыздың өмірін жеңілдеткен жоқ.

Тек Біржан салдың Сара ауылына келген сапарынан кейін ғана жетімнің өмірі өзгере бастады. Барлығы да осы екі ақынның айтысынан кейін, әрине. Таңды таңға ұрып айтысқан Біржан мен Сара сол маңдағы бүкіл жұртты тамаша өнерімен тамсандырған. Нәтижесінде ақын қыздың абыройы ел алдында бірден көтеріліп, халықтың оған қошеметі артты. Сараның тағдыр тізгінінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасыңда теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады.

Сара мен Абайдың кездесуі жайында «Абай жолы» романында айтылады. Ұлы ақынның перзенті Әбіш қайтыс болғанда Найман елінің игі жақсыларымен бірге Сара да Абай ауылына келеді. Алайда ақын қыздың өзі де мұнан кейін көп ұзаған жоқ, жастайынан әбден қиындық көріп өскен ол ауруға шалдығып, ерте көз жұмған. Оның артынан "Жүрек", "Ашындым", "Арсалаң аға алдыңда", "Жүрек сыры", "Жайлауда", "Әбіштің аруағына", "Хош бол, елім" секілді көптеген өлендері мен "Тұзақ" атты дастаны қалды.  

Адамның мен де сондай ұқыбы жоқ,

Құр тілді санап жүрген көңіліне тоқ.

Қағазға жалғыз сөзім түспеген соң,

Ұмтылып қалар Сара құр аңыз боп.

Сара апа, сіз ұмытылмадыңыз. Сізді есте сақтап құрмет тұтатын адамдар бар әлі күнге дейін.

Сара Тастанбекқызының өлеңдер жинағы мен кітабы бар.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота