лав35
07.09.2020 23:28

Қ тарих 5 сынып 105 бет кесте көмектесіңдерші паж​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
imverypanda228
20.10.2022 14:52

Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
nunim
23.09.2022 20:56
Татулық немесе бейбітшілік дегенде бірлігі жарасқан жандар мен ынтымағы биік, алауыздығы жоқ ел еске түседі. Қай ұлт, қай ел болса да бейбітшілік пен ашық аспанды, бақытты елдер қатарында болуды аңсайды. Қабан (Қабылиса) жырау:

– Бақыт қайда барасың?

– Көршімен болған бірлігі,

Тағат, ғибадат тірлігі

Ұйымшыл елге барамын,– деп жырлапты. Бүгінгі қазақ мемлекетінен тағат, ғибадатты табамыз, тәубе. Көршілерін былай қойғанда, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын бір үстелдің басына жинайтын да біздің мемлекет. Жаһандық маңызы бар Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­басшыларының IV съезі жақында өткелі тұр. Бұл Қазақ елінің мәртебесі десек, екінші жағынан, қазаққа берілген бақыт деуге болады. Себебі, өзіміздің бақытты, ынтымағы жарасқан, бейбіт ел екендігімізді екінші тараптан осылай көрсете аламыз.

Мақсаты кең, нәтижесі биік бұл съездің алдыңғы кездесулердегі ауқымды талқы­ланған мәселелері өз жемісін беріп жатыр деп білеміз. Бірақ, биылғы IV Съезге қойылған тақырыптың маңыздылығы да ерекше. «Бейбітшілік және келісім – адамзат таңдауы» тақырыбының қарастырар талқысы мол. «Тұрақты дамуға қол жеткізудегі дін лидерлерінің рөлі», «Дін және мультикультурализм», «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндер», «Дін және жастар» атты төрт секциялық отырыс жоспарланған.

Біздерді қызықтырып, тапқырлықпен таңдалған бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – жастар мәселесі. Қай елде болса да діннің алар орны ерекше. Әрі халық өзі ұстанған дініне мейлінше берік болуға тырысып, дін басшыларына ерекше орын берері хақ. Олай болса, жастарды тәрбиелеу мәселесінде діндер көшбасшыларының алар орны өзгеше. Астана төріне дін басшылары жәйдан-жай жиналмақ емес. Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының көк шаңырағының астында ұйымшылдықпен талқыланатын өзекті мәселелер әр елдің игілігі үшін болмақ. Міне, осыны татулық пен бейбітшіліктің нышаны деуге әбден негіз бар. Бұл съездің Қазақстанда өтуінің өзі тек беделімізді ғана емес, ата-тарихымызға сай қонақжайлылығымызды да айғақтайды.

Ауқымы кең, айтары мол, талқыланатын тақырыбы терең құрылтайдың алдында «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде (№169-171, 20 сәуір 2012 ж.) басылым басшысы Сауытбек Абдрахмановтың Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы хазрет Әбсаттар қажы Дербісәлімен «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» атты сұхбаты жарияланған-тын. Оқып, ой түйіп, алған ерекше әсерімізбен бөлісу мақсатында қолға қалам алған едік.

Ғұламалардың «Тақырыпты дұрыс түсіну, оқығалы жатқан дүниенің жартысын түсінгенмен тең» дегеніндей, дінбасының сөзінен алынып, «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» деп аталған бұл мағынасы терең сұхбаттың тақырыбының өзі маңыздылығы мен терең ой қалдыратынын айқындап тұрғандай.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота