katerinasem251
15.08.2020 01:51

Өтінемін көмектесіңдер сор берем​


Өтінемін көмектесіңдер сор берем​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
KirillK2014
17.02.2021 17:26

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
kornsergo23
26.02.2021 04:37

Өнеркәсіптік     асептика,     яғни     биореактор     ішіне     бөгде микроорганизмдердің ену мүмкіндігін жою.

2.  Қоршаған ортаны қорғау, яғни ауа және су қалдықтарына, түзгіш —  клеткалардың   еніп  кетуін  болдырмау.   Бұл  құбылыс  өте  қауіпті, өйткені адам үшін микроб белогы бөтен нәрсе, сондықтан ол халық арасында аллергиялық реакциялар қоздыруы мүмкін. Өндірісте орын алатын бұл оқиғаның микроорганизмдердің қандай штамдары - патоген бе, әлде патоген емес пе, тіпті өлтірілген түрлері ме, оған ешқандай байланысы жоқ.

Сумен қамтамасыз ететін бөлімшелер алдына едәуір мәселе қойылады.

Биотехнологиялық өнеркәсіпте қоректік заттарды даярлау, жуу, бөліп алу үшін және сонымен бірге биореакторлардың режимдерін бір қалыпты дәрежеде ұстап тұру үшін көп мөлшерде су қажет. Айналымдағы судың ағыны тұйық болса да, бұнда тазалау жұмысы қарастырылып тұруы тиіс, өйткені суытатын агентке (хладоагентке) биореакторлардың конструкциялық ақаулығынан культуралдық клеткалары аз ғана мөлшерде болсада, кез - келген уақытта еніп кетуі ықтимал. Реакторлардан технологиялық суларды шығарып, тазалауда көптеген қиындықтар кездеседі. Көбінесе бұндайда активті лай (тұнба) қолданады. Бірақ болашақта су тазалайтын мембрандық технологияны өндіру және бір реактордан шығатын микроорганизмдерден тазартылған технологиялық суларды басқа реакторлардағы культураларға қоректік зат ретінде пайдалану сияқты метаболизмдерді өне-бойы айналымда болатын жабық /тұйық/ өндірістерді жасау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Жаңа штамдарды табу мен оларды қолдану микробиологиялық технологияны құру бірқатар техникалық қауіпсіздіктер шараларын іске асырумен байланысты. Бұл мәселе көптеген конференцияларда айтылып жүр. Мысалы, Асиломар конференциясында /1975, ақпанында/ ДНҚ-ның рекомбинантты молекулаларымен жұмыс істеуде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең басты принципі жасалған болатын.Адамға арналған препараттардың биологиялық активтілігі дегенді «вакцина» терапевтикалық сарысулар, токсиндер антитоксиндер және оған тым ұқсас ауруды алдын-алуға арналған өнімдер, ауруларды күту немесе өңдеу және жараларды жазу деп түсінілуі тиіс. АҚШ-та тағамдық өнімдердің, медикаменттер мен косметикалық заттардың сапасын қадағалап отыратын үш мемлекеттік ұйым бар. Олар тағамның сапасын тексеретін басқарма, АҚШ-тың ауылшаруашылығы министрлігі және нақты ортаны қорғау агенттігі. Бұл мекемелердің жұмысы нақты анықталып шектелген.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота