orehskonastia
11.02.2022 14:59

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке. #1
1. Тәуелсіздік күні мерекесі қашан тойланады?

2. Бұл күндер күнтізбеде қандай күндер болып келеді?

3. Үлкен орталықтарда кешешке қарай немен көмкеріледі?

4. Бұл күні барлық жерлерде не өтеді?

5. Тәуелсіздік Қазақстан халқының өкілдері үшін қандай мереке?

#2
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдары бойынша шағын жоспар құраңыз.

Қазақта «Ас тұрған жерде дерт тұрмас» деген аталы сөз бар. Ас ішкен адамның денсаулығы тез қалпына келеді. Тамақ ішу – қажеттілік. Тамақтану адам денсаулығы үшін аса пайдалы. Тамақта адамға пайдалы дәрумен, минерал, май бар.

Адам денсаулығына көкөністер мен жемістердің пайдасы мол, себебі олар асқазанға жеңіл. Көкөніс пен жемістердің құрамында түрлі дәрумендер көп. Сондықтан түрлі көкөністерді үнемі ас мәзірінде пайдаланған жөн. Көкөніс пен жемістерді көп жейтін адамның денсаулығы мықты болады.

Адамдар фастфудты жақсы көреді. Бірақ фастфуд адам денсаулығына зиян келтіреді. Фастфуд тағамдарына фри картобы, газдалған сусын, гамбургер, пицца және т.б. зиянды тағамдар жатады. Фастфуд тағамдары көп ауруға себеп болады. Сондықтан әр адам дұрыс тамақтану керек.

Жоспар:





#3

3 – тапсырма

Мемлекеттік ту

. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты (ені – 1 метр, ұзындығы - 2метр) көгілдір мата. Көгілдір түс - бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл - бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Қыран - еркіндікті, биік арманды білдіреді. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек – қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық өнерін білдіреді. Күн, қыран құс және өрнек – алтын түспен берілген. Тудың авторы, суретшісі - Шәкен Ниязбеков.

Сұраққа жауап бер

- Ернар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай?

- Тудың ортасынды не орналасқан?

- Күннің астында не бар?

- Тудың сол жағында не бейнеленген?

- Тудың реңдік белгісі қандай?

- Неге көгілдір түсті?

- Не себепті алтын түсті?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
даяна92
12.08.2022 19:37

Мен алғаш әріптерді танығаннан бастап, қолыма ұстаған кітабым «Ертегілер елінде» еді. Таңғажайып сиқырға толы ертегілерді сүйсініп оқи бастадым. Ертегілер менің қиялыма қанат бітіріп, арманымды асқақтатты, қайратты істерге құлшындырды.

Менің сүйікті кейіпкерім – Күлше қыз. «Не үшін ұнайды» деп ойлайтын шығарсыздар? Күлше қыз - өте жас, еңбекқор, үлкенді сыйлайтын, тәрбиелі қыз. Өгей анасы мен оның екі қызынан теперіш көріп,өз үйінде өзі күң болған мейірімді де сұлу қыз. Ол өзінің ұстамдылығымен, ақыл-парасаттылығымен, еңбекқорлығымен, мейірімділігімен ұнамды. Қандай болмасын, өгей анасынан қанша зәбір көрсе де, өзіне тән ерекшелігімен, кең жүрегімен ақыл тауып, өмірден баз кешіп түңілмей, керісінше, үйдегі бар тірлікті өз мойнына алып, әкесіне тіреніш болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
dianochka471
17.04.2021 04:04
Басқа тілде оқу
Бақылау
Өңдеу
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.

Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота