Логикалық екпін – сөйлемдегі айрықша көңіл аударуға керекті нақты бір сөзді оқшаулап, ерекше әуенмен бөліп айтуға байланысты екпін. Ол ой екпіні деп те аталады. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы, Таңеpтең оқушылаp мектепке кеттiдеген сөйлемнің кез келген сөзі ой екпіні арқылы ерекшеленіп тұруы мүмкін. Бұл жайт сөйлемнің мақсатына және қарым-қатынас жағдаятына байланысты болады:
1) таңеpтең мектепке // оқушылаp кеттi(басқа бipеу емес, тек оқу-шылаp);
2) таңеpтең оқушылаp // мектепке кеттi(мектепке, басқа мекемеге емес);
3) мектепке оқушылаp // таңеpтең кеттi(кешке емес, таңеpтең)
Объяснение:
Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.