ана:
Ана! Жалғыз ғана сөз. Әйткенімен жарық жал-ғанда кез келген а осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар. Осы орайда орыстың ұлы жазушысы М.Горькийдің «…Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деген сөзіне еріксіз иланасың. Тіпті, көк аспан да ана жәйлі терең ойға батып, үнсіз мөлдіреп тұрғандай сезіледі.
Ас:
Ас-адамның арқауы" деген қазақтың мақалы. Бұл- өте құнды мақал. Өткені денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін қажет. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады. Ал қаны толық, күші мол адам ыстыққа да, суыққа да шыдамды.
Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты күнде бір мезгілде ішу керек. Күніне төрт рет тамақтанса, тіпті жақсы.
Астана – Еуразияның қақ жүргегіндегі қала. Бұл жерде түрлі өркениеттердің өкілдері келісім мен үйлесім аясында бейбіт күн кешіп, сан алуан мәдениеттер мен салт-дәстүрлер сабақтасып жатыр» - деген Елбасы Н.Назарбаевтың сөзі кешегі бабалар арманының бүгінгі айшықты келбеті. Арқаның аңызға толы төсінде ақиқатқа айналған армандар салтанат құрып, ізгі мұратымыздың жұлдызы жарқыраған күнді жыл сайын дәстүрлі түрде үлкен тойға айналдырып келеміз. Астана бұл күнде - еліміздің саяси орталығы ғана емес, ұлт мәдениеті мен әдебетінің де жаңа дәуірге қанат қағып, рухани жаңғыру белесіндегі маңызды қадамдарының алтын ошағына айналды. Мұндағы әрбір қаламгердің шығармашылығының бір ұшында Астананың тәуекелді сәттермен тоғысқан тағдыры, берекелі істермен биіктеген тұғыры жатыр. Сайын даланың төсіндегі жауқазын-қаланың жүрегін астаналық ақындар жалынды жырымен, ыстық сезімімен жылытып келеді. Олар үшін астаналық әрбір мезгіл келбеті өлеңнің сиясы төгілген аяулы уақыт парағы іспеттес...