1.Автор Абай Құнанбаев. 1845 жылы Қарқалы, Семей қаласында дүниеге келген. Ақын,ағартушы,аудармашы,философ.
2.Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
3.Адамгершілік жайын қозғайды. Алайда ойының негізгі желісін үзбейді. Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай - Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бүл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты - не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейлінше дәлелді етіп, шегелеп айтады. Осы өлеңдегі Абайдың надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты...», егер қисық көрінсе кімнің сөзі болса да, тіпті жақын адам айтса да, ақылмен жеңуді үлгі етуі әсіресе, сол өткен ғасырдағы қазақ өмірінің жағдайында бірден-бір батыл айтылған пікір болғаны анық.