Шоқан Уәлиханов — XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған ағартушылық мәдениеттің негізін қалағандардың бірі. Өзінің жасындай жарқ еткен ғұмырында философия, этнография, география, экономика мен құқық салаларына атсалысқан әрі зерттеу жұмыстары бүгінгі ғылымда жоғары бағаланатын жазбалардың бірі болмақ.
Шоқан Абылайдан өрбіген ұрпақтардың бірі. Оның балалық шағы Сырымбет тауының бөктерінде өткен. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Оның келешегі үшін бұл оқу орнының атқарар рөлі зор болады. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды" – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т.Н.Потанин.Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытқан болатын.
Арғысы алты ғасырға созылатын қазақ әдебиетінің бастауында тұрған жыраулардың бірі һәм бірегейі – Жиембет Бартоғашұлы. Бір қызығы, туып-өскен жері, ата-қоныс атаулары күні бүгінге дейін өзгермесе де, кіндігінен тараған ұрпақтары өсіп-өніп, «жиембет тана» атанған бір қауымға айналса да, Батыс Қазақстан өңірінде Жиембеттің насихаты мүлде жоқ деуге болады.
Қазақтың ең атақты, ең әлеуетті хандарының бірі болған Еңсегей бойлы ер Есімнің оң тізесін басқан би, қол бастаған батыр, жалындап сөйлеген жырау бүгінде тіл мамандарын даярлайтын ЖОО-ларда бірер семестр жүретін «Хандық дәуір әдебиеті» атты курстың кейіпкері ғана болып қалған. Жиембет жыраудың өмірі мен өнерін, тарихтағы орнын, күні кешегі Махамбетке дейінгі жырауларға әсер-үлгісін ден қойып зерттеген ғалым жоқ секілді. Жыраудың аты-жөнінде, өмір жолындағы тарихи даталарда бірізділіктің болмауы сондықтан болса керек.