
- Марал, сәлем!
- Сәлем Меруерт! Қалайсың?
- Жақсымын, өзіңше?
- Жақсы, рақмет!
- Мерует, сен құжаттарды топтастыруды білесің бе?
- Әрине, мен құжаттар жайлы дебатқа қатысқанмын! Не білгің келеді сұрай ғой?!
- Құжаттар қалай аталады?
- Құжаттар атауына қарай: ережелер, хаттамамлар, жарғылар, арыздар, хаттар деп аталады.
- Құжаттар түріне қарай қалай аталады?
- Құжаттар түріне қарай: типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты,жалпыға бірдей деп аталады.
- Ал, жасалу сатысына қарай ше?
- Жасалу сатысына қарай: түпнұсқа және көшірме деп бөлінеді!
- Тағы бір- екеуі бар?
- Қоя ғой?!
- Заңдылығына қарай неше топқа бөлінеді?
- Құжаттар заңдылық күшіне қарай шын және жалған болып бөлінеді.
- Құжаттар шығу тегіне қарай қалай топталады?
- Шығу тегіне қарай: қызметтік және ресми-жекелік болып топталады.
- Құжаттардың түрлері өте көп екен, жаттап алуға біраз күн кететін сияқты?!
- Түрлері өте көп, дегенмен зер салып оқысаң, тез жаттап аласың!
Адам болып дүниеге келген соң әр адам ананың сүті арқылы ана тілін,анасының тәрбиесін бойына сіңіріп өседі. Адам үшін ана тілі-туған тілі. Әр халықтың өз тілі,өз діні,өз әдет-ғұрпы бар. Әрбір халық өз ана тілін құрметтейді,қастерлейді. Ал өз ана тілін білмеу-надандық. "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңде құрметте" дегендей,қанша тілді білсе де,әрбір жеке тұлға өз ана тілін құрметтей білу керек.
Қазіргі заманда адамдар ағылшын,француз тілдерін үйренуге талпынып жатыр. Себебі,ағылшын тілі шет елдермен қарым-қатынасқа түсу үшін өте қажет. Сонымен қатар,қытай,француз,орыс тілдерін біліп жүру де артық етпейді. Әр түрлі елдің тілдерін білу-мақтаныш,әрі адамның білімді екенін көрсетеді және де көптеген елдермен араласуға мүмкіндік тудырады. Үш тілден көп тілді білетін адамды "Полиглот" деп атайды. Елімізде үш тілді,яғни,қазақ,орыс,ағылшын тілдерін білу қажет. Болашақта көп тілді білудің пайдасы көп. Көптеген тілді білген адам жұмысқа да оңай орналасады. Алайда,қаншама тілді үйренсек те,ана тілімізге деген құрметті ұмытып кетпейік. (шағын шығарма,эссе десе де болады)