4-тапсырма. Тест. Шоқжұлдыздар. 1.Ертеден адамдар жұлдызды аспанды неге бөлген?
А)Құс жолына В) Астраномияға С)Шоқжұлдыздарға Д)Аспан денелеріне Е)Күнге
2.Қазіргі кезде аспанда неше шоқжұлдыз бар?
А)108 В) 88 С)888 Д)98 Е)808
3.Жұлдыздар туралы халық ұзақ уақыт қандай жорамал жасаған?
А)Плазмадан тұрады В)Ұсақ зат С)Жарық береді Д) Нүкте тәрізді Е)Орнынан қозғалмайды
4. Кімнің заманынан бастап ғасырлар бойы «жұлдызды аспан мәңгілік өзгермейді» - деп сенген?
А)Бессель В) Коперник С)Настрадамус
Д)Аристотель Е)Джордано Бруно
5. «Жұлдыздар – Күн сияқты аспан денелері»,- деген пікірді кім айтқан?
А)Бессель В) Коперник С)Настрадамус
Д)Аристотель Е)Джордано Бруно
6.Ғалымдар жұлдыздарды қай жерде зерттейді?
А)үйде В)аспан әлемінде С)кез – келген мекемелерде Д)арнайы жертөледе
Е) расытханалар мен астрономиялық орталықтарда
7. Қазақстанда жұлдыздарды қай жерде зерттейді?
А) расытханаларда В)Астрофизика институтында С)кез – келген мекемелерде Д)зертханаларда
Е) астрономиялық орталықтарда
8.Кім аспан әлемін зерттеп, жаңа аспан денелерін ашқан?
А)Бессель В) Коперник С)Настрадамус
Д)Аристотель Е)Джордано Бруно
9. 75мың жұлдыздың орнын анықтаған әлемдегі бірінші астраном кім деп ойлайсың?
А)Бессель В) Коперник С)Настрадамус
Д)Аристотель Е)Джордано Бруно
10.Жердің дөңгелек екенін алғаш дәлелдеген ғалым кім?
А)Бессель В) Коперник С)Настрадамус
Д)Аристотель Е)Джордано Бруно

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
мур147
11.01.2023 08:22

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

0,0(0 оценок)
Ответ:
КекЛолКарвалол
19.06.2021 21:28
Қазақтың ұлттық ойындар жинағы:
1. Теңге алу  - қазақ ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған.
2. Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады.
3. Тоқым қағар —- ойын-сауық, салт ойыны, көбінесе жас баланың алғаш рет үйден жырақ, алыс сапар шеккен кезінде немесе қызы ұзатылған үйге жиылып «Тоқым қағар» ойынын бастаған.
4. Көрші ойынын үлкен бөлмеде, көгалды таза ауада өткізуге болады. Ойыншылар саны 10-нан 30-ға дейін болуы керек. Ойыншылар дөңгеленіп, екі-екіден шеңбер құрып отырады. Тағы бір адам ортаға шығып, жұп болып отырған ойыншылардың бір жұбына келіп, «Көршіңмен татусың ба?»—деп сұрайды.
5. Сақина тастау Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.
6. «Белбеу тастау» — ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында бел
беу жатқан ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрады.
7. Кім жылдам? Ойынның мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы ойындардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота