Дәрігер болғым келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Ұрпақ тәрбиесі-ұлағатты іс
Тәуелсіздігімізді алып бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтың тәрбиенің алатын орны ерекше.Халқымызда «Баланы – жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан салт дәстүрді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін бере білсек, бұл бала тәрбиесіне қосқан үлкен үлесіміз болып табылады. Бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес , сонымен қатар мектепке дейінгі ұжымның да қосар үлесі көп. Білім мен тәрбие өзегі – балабақшадан бастау алатыны баршамызға мәлім.
Бала бойына жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі де тәрбиелі болуына тәрбиешілердің де алатын орны ерекше. Ата-аналарымыз тәрбиеші мен тығыз қарым-қатынаста болып, баланың дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етсе, жас бүлдіршіндеріміз саналы боп өседі деп ойлаймын. Балаларымызды
қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәрбиелі ұрпақ екенін естен шығармауымыз қажет. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршамызға ортақ, әрі міндет.
Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тірбиелеу өз қолымызда. Ұрпақтарымыз ұлағатты болсын десек, «ұлы сөзден – ұлағат» екенін ұғындыра білуіміз қажет. Сонда ғана «ұлтым» деп мақтанатын болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналатын ұрпақ болатыны сөзсіз.