1 Орфографик ymryax телер түзетіп, мәтінін орые grе air
раханды сері самолга етіп жұрттың аузын аша жеткіn ор тасарсан арай
тіп алатын бәрін келер жылга етип, самаряның как тасы ертіп
ammреnен жер күн жібітіп. Тас жүректер мерізомен үгітіп, жеті ат жер ако
arita барытып, жыл құстарының ән шалкытып жетiсуга асылдан келе г.
Сарыаркан самал желге сүйіп алатаудың төбесінен кекке тіп, каратау кереке
yitrun а булактарды актартып, шың кұдарды шаттанып бектер тырналары, сүirpm
сараларды шоршытып балыктарды шапшытып арыктарды, тербетіп жаз айларын
теrn as aftына алт оларды шылдатып, найзағай шрамдатып, айтып ертегіс
айып әлемі, етіп келген эл-Наурыз мейрамы құтты болсын
2 1-н мен 2-мәтіні салыстырып, олардың стилін, жанрлы, тілдік қолданыстарына
срошедштер орсет​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Владик003
16.10.2020 20:16

-Сәлем!

-Сәлем!

-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?

-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.

-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?

-Жоқ. Ол қалай дайындалады?

-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.

Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!

-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.

-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.

-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!

-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!

-Қонақжайлығыңа рахмет!

-Келесі кездескенше,сау бол!

- Сау бол!

0,0(0 оценок)
Ответ:
ivantitov2002
29.01.2022 06:50

Жоқ, өлмеймін!

 

Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О, Жасаған!
Өстіп жүріп бір күні
Өлеміз-ау,
Өлеміз-ау,
Өлеміз!
Кейбіреулер соны неге ұқпайды,
Қадалады жүрегіме мұң-қайғы.
Мен де өлемін,
Менің бірақ есімім
Жазушылар тізімінен шықпайды!
Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем,
Гүлдей солам,
Бірақ қайта көгерем:
Тірілердің көзіне оттай басылар,
Талай-талай немерем мен шөберем.
Өліп-өшкен ғашық жігіт
Күніне
Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
Мен болмаспын,
Бірақ сөзім оралар
Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
Жүрек неге,
Өкпе неге алқынды?
Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,
Әлі талай ду күлдірер халқымды.
Амал қанша!
Татар дәмім таусылды.
Қабірстан құшағымен қаусырды…
Жоқ! Өлмеймін!
Елім талай естиді
Лентаға жазып алған даусымды!
Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін!
Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда! 

 

 

Второй:

 

Бабамыздың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.

Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы – тілге ерік берген екен.
Бір жаманы – кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.

Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.

Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы –қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы –үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы –жесірін қаңғытпаған.

Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы –сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы –абақты тұрғызбаған. 

 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота