Жаумай жауын жалғыз тамшы,
Еккен егін өнбей жерге,
Еткен еңбек ұшты желге...
Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын,-деп Толағай еркелеп анасынан сұрады.Сонда анасы:
Қарлы,шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде,
Үзілмейді жылда жаңбыр,-деп жауап берді.Толағай Тарбағатай тауына жолға шықты.Аман-есен тауға жетіп,арасынан басында қары мен бұлты,етегінде жайылған аңы,ағаш бұтағымен бір шоқыны икемдеп арқасына салып алып,еліне жол тартты.Шаршап белі талсада,демалсам орта жолда қалып қоярмын,-деп демалмастан еліне жетті.Еліне жетуі сол екен тау басындағы бұлттардан жаңбыр жауып берді.Жер суланып,халық қуанып мәз болды.Тауды қоямын дегенде,Толағайдың аяғы тайып кетті.Шаршап келген дене таудан шыға алмай, тау астында қалды.Анасы көз жасын бұлап қала берді.Толағай батыр өзі өлседе елін қуантып,жерін көгертіп кетті.Жаңбыр жауған сайын елі Толағайды еске алатын болыпты.
Тақырыбы : Суретші бала.
Бұл кішкентай , дарынды суретші бала. Оның қолынан өте әдемі суреттерді салу келеді. Және ол бұл сурет салумен кішкентай күнінен бастап айналысады. Оның бұл ісі жемісті болыпты , себебі ол қазіргі уақытта суретшілер жарысына қатысады. Бұл суретші бала жан - жануарлардың , аң - құстардың және табиғаттың суретін өте әдемі қылып сала алады.
Бұның қазіргі туындысы "ҚҰСТАР ӘЛЕМІ" деп аталады. Ол суретінің идеясы құстардың қаншалықты сұлу , әрі керек екенін барша адамзатқа жеткізу болды.
Және бір кереметі , бұл суретшінің керемет туындылары мұражайда да бар екен. Және көп а ң суретін сатып алуға құмар көрінеді. Соның арқасында бұл әрі ата - анасын бағып отыр десек те болады. Бұның әрбір туындысы шынайы шығады. Сол себептен де оның туындылары өте қымбат. Менің ойымша бұл суретші бала , әрі қарай өнерін жалғасытыра беретін болса , бұл баладан әлемді таң қалдырған атақты суретші шығады.
Себебі мен бұл баланың өнеріне сенемін.